Анимациялық фильмдер мен интерактивті қосымшалар балалардың көкжиектерін кеңейтуге және білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді
Осындай мазмұнға жарқын мысал – жақында жарық көрген «Шоқан. Қашғария сапары» атты анимациялық мультфильм. Бұл туынды 2025 жылы 20 наурыздан бастап Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастады. Мультфильм Шоқан Уәлихановтың өмірі мен Қашғарияға жасаған әйгілі саяхатын баяндайды. Балаларға арналған бұл мультфильм отандық тарихты терең әрі қызықты түрде Шоқан Уәлихановтың батылдығы, білімге құштарлығы және зерттеушілік рухы арқылы отансүйгіштік пен адалдық секілді құндылықтарды ұғына алады. Сондай-ақ, мультфильмнің графикасы заманауи талаптарға сай жасалып, кейіпкерлердің бейнесі мен диалогтары балаларға жақын тілмен ұсынылған. Мұндай анимациялық жобалар – жас ұрпақтың ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыратын тиімді құрал. Сонымен қатар, балаларға тарихи тұлғаларды үлгі ете отырып, оларды саналы әрі білімді азамат ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді. Балалардың эмоционалды дамуы сапалы контентпен де тығыз байланысты. Балалар анықтай алатын кейіпкерлер мен сюжеттер оларға басқа адамдардың эмпатиясы мен эмоцияларын түсінуге көмектеседі. Әртүрлі эмоциялар мен сезімдерді талқылайтын әңгімелер балаларды эмоцияларын басқаруға және әртүрлі жағдайларды шешуге үйретеді. «Пазл» (Inside Out) сияқты мультфильмдер балаларға күрделі эмоционалды күйлерді түсінуге және олармен күресуді үйренуге көмектеседі.
Аружан МАУЛЕНБАЙ, «Заң газеті»