Интернет – алысты жақындатып, өмірімізді жеңілдетіп отырған құрал. Дегенмен, оның да қауіпті тұстары жоқ емес. Алаяқтар үшін интернет қарапайым адамдарды алдаудың жаңа құралына айналып үлгерді. Сол үшін де интернет-алаяқтық жаңалық емес. Интернет жеке деректерді ұрлау және қаржылық алаяқтық жасауда ең танымал құралдардың бірі болып отыр.
Интернет-алаяқтық заманауи технологиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны киберқылмыстың бір түрі деп есептеуге болады. Интернеттегі алаяқтардың мақсаты – заңсыз жолмен басқалардың ақшасы мен мүлкін ұрлау. Алаяқтықтың бұл түрі интернет қызметтерін немесе оған қосылған бағдарламаларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Интернет-алаяқтардың жымысқы əрекетінен əлемде қаншама адам қаржылық шығынға батып жатыр. Оған тосқауыл жоқ, десе де одан қорғанудың жолдары бар. Интернет-алаяқтық материалдық шығыннан бөлек моральдық шығынға да ұшыратады. Бұл алаяқтың кəсіби деңгейі мен тəжірибесіне байланысты. Сіз кез келген уақытта қандай да бір жолмен онлайн-алаяқтықтың құрбанына айналып кетуіңіз мүмкін. Сол себепті, барынша абай болу керек жəне жеке деректердің қауіпсіздігін бақылап отырған жөн. Онлайн-алаяқтықтың ең көп таралған түрлері: фишинг. Байқауда жеңіске жеткеніңізді немесе компанияның жеке ақпаратты тексеруі қажет екенін немесе ешкімі жоқ қарт кісінің сізге миллион доллар жібергісі келетіні жазылған күдікті электронды хаттардың барлығы фишингтің мысалдарына жатады. Олар сол арқылы сіздің жеке деректеріңізді, құпия сөздер жəне банк немесе несие картасы шотының нөмірлерін алуға тырысады. Кей жағдайда сізге жіберілген хабарламада сілтеме болуы мүмкін. Сіз білместікпен сол сілтемені басқан бойда сіздің компьютеріңіздегі немесе ұялы телефоныңыздағы құпия деректеріңізді іздейтін вирус еніп кетуі ғажап емес. Скимминг – заңды транзакция кезінде несиелік немесе дебеттік карта ақпаратын ұрлау. Скиммер суретшілері қалталы скиммерлерді пайдаланып бейхабар тұтынушылардың несиелік жəне дебеттік карталарын сканерлеу үшін мейрамханаларда, жанармай құю станцияларында жəне қонақүйлерде уақытша жұмыс табады. Мұндай қылмыстарды ашудың қиындығы жəбірленушілер қылмыс керлерді көзбе-көз көрмейді, тек интернет кеңістігінде сөйлеседі. Əдетте, жалған телефон нөмірі пайдаланылады немесе IP мекенжайы үнемі өзгеріп отырады.
Т. АМАНГЕЛДИЕВ, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының аға сот приставы