ДӘНІККЕННЕН ҚҰНЫҚҚАН ЖАМАН

Астанада қайта жабдықталған автокөлік салонынан «Sim-Box» мобильді аппараттық кешені тәркіленді. Қазіргі заманғы технологиялардың дамуымен бірге «Sim-Box» құрылғыларын пайдалана отырып жасалатын интернет-алаяқтық жағдайлары қарқынды түрде көбейіп келеді.

«Sim-Box» құрылғылары – бұл мобильді нөмірлерді генерациялау немесе алмастыру мақсатында қолданылатын жабдық, ол байланыс операторлары белгілеген шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік береді.

Алаяқтар бұл құрылғыларды фишингтік хабарламалар жіберу, жаппай қоңырау шалу, сондай-ақ әртүрлі онлайн-платформаларда жалған нөмірлермен аккаунттар тіркеу үшін пайдаланады. Осылайша, олар өздерінің жеке басын жасырып, заңды қызметтің көрінісін жасауды көздейді.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Украина азаматының басқаруындағы «KIA» маркалы автокөлік анықталып, ұсталды (автокөлік айыппұл тұрағына қойылды).

Автокөліктің ішкі салонын тексеру барысында 128 SIM-карта слоттары бар 2 дана «Sim-Box» мобильді аппараттық кешені анықталды, ол қайта жабдықталған автокөлік салонында орналастырылған. Сонымен қатар, әртүрлі ұялы телефон операторларына тиесілі 50 SIM-карта және Wi-Fi роутері алынды.

Осы факт бойынша абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды пайдалану дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚК-тің 213-бап).

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, оның интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.

ЖІШ барысында тағы 2 «Sim-Box» құрылғысы алынды.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болып жеке деректерді, оның ішінде қол жетімді кодтарды, парольдар мен банк карталарының реквизиттерін бөтен адамдарға бермеу қажеттігін ескертеді.

Егер осындай жабдықты қолдану туралы ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...