12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дәлелдеу ауыртпалығы

 
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (әрі қарай — Кодекс) қолданысқа енгеніне биыл 3 жыл болады. Аталған процессуалдық заңнама көмегімен жеке тұлғалардың немесе бизнес субъектілерінің жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін жүзеге асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделер теңгеріміне қол жеткізу және жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту сияқты міндеттер орындалғанын байқауға болады.
Кодекстің 129 бабының 1-бөліміне сай, талап қоюшы өз мүмкіндіктеріне сәйкес дәлелдемелерді жинауға қатысуға міндетті. Берілген талап қою түріне қарамастан, талап қоюшы құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өзіне мәлім болған уақытты, сондай-ақ келтірілген залалдың мөлшерін дәлелдеуге міндетті.
Дәлелдеу ауыртпалығы қойылған талапқа тікелей байланысты. Кодекстің 129 бабының 2-бөліміне сай дәлелдеу ауыртпалығын:
1)              дау айту жөніндегі талап қою бойынша — ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер;
2)              мәжбүрлеу туралы талап қою бойынша – сұратылып отырған әкімшілік актіні қабылдаудан бас тарту үшін негіз болған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы әкімшілік актінің қабылдануы негізделетін фактілер бөлігінде талап қоюшы көтереді. Егер жауапкер нақты жағдайда талап қоюшы қалаған әкімшілік актіні шығаруды болғызбайтын іс жүзіндегі шарттардың болуына сілтеме жасаса, мұндай шарттарды дәлелдеу жөніндегі міндет осы жауапкерге жүктеледі;
3)              әрекет жасау туралы талап қою бойынша – сұратылып отырған әрекет жасаудан (әрекетсіздік танытудан) бас тарту үшін негіз болып табылған фактілер бөлігінде жауапкер және өзі үшін қолайлы фактілер бөлігінде талап қоюшы;
4)              тану туралы талап қою бойынша қандай да бір құқықтық қатынастың болуын немесе болмауын растайтын фактілер бөлігінде талап қоюшы және бұдан былай заңды күші жоқ ауыртпалық түсіретін әкімшілік актінің, сондай-ақ қандай да бір жасалған әрекеттің (әрекетсіздіктің) құқыққа сыйымдылығын негіздейтін фактілер бөлігінде жауапкер көтереді.
Дау айту жөнінде талап қойылған кезде, талап қоюшының міндеті әкімшілік орган тарапынан өзіне қатысты бұзылған құқықтары немесе мүдделері туралы талап қою, ал әкімшілік орган сотта талап қоюшыға қатысты ауыртпалық салатын әкімшілік актіні шығару себебін негіздеп беруі тиіс.  
Мысалға, талап қоюшы «Т» шаруа қожалығының басшысы сотқа Байғанин аудандық жер комиссиясына және Байғанин ауданының әкіміне қатысты талап қоюмен жүгініп, конкурс барысында одан басқа тағы да екі қатысушы қатысқан, жер комиссиясы аталған қатысушыларға негізсіз 10 балл түріндегі артықшылық бергенін негіздеп, жер комиссиясының қорытындысын және аудан әкімінің қаулысын заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған.
Сот отырысында жауапкерлер, конкурсқа қатысушылардың барлығына қандай себеппен 10 балл түріндегі артықшылық бергенін негіздеп бере алмады, осы және басқа негіздерді ескере отырып, сот мемлекеттік мекемелердің шешімдерін заңсыз деп танып, күшін бұзды. 
Мәжбүрлеу немесе әрекет жасау туралы талаптар қойған кезде дәлелдеу ауыртпалығы екі тарапқа бөлінген. Яғни қолайлы әкімшілік актіні шығаруға негіз болатын дәлелдемелерді талап қоюшы ұсынуы тиіс, ал осы сұратылып отырған әкімшілік актіні қабылдаудан бас тарту үшін негіз болған фактілер бөлігінде, дәлелдемелерді ұсыну жауапкер көтереді.
Талап қоюшы Н. сотқа заңды тұлғалар жүйесінен оны директор жөніндегі мәліметті алып тастауды міндеттеу туралы әкімшілік талап қоюмен жүгініп оны келесідей негіздеді, яғни ол 2021 жылғы 19 тамыздағы құрылтайшының шешімі негізінде Серіктестіктің директоры қызметінен босатылды. Алайда осы уақытқа дейін заңды тұлғалар жүйесінен оны Серіктестіктің директор ретінде мәліметті алынып тасталынбады. «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жүгінген уақытта, аталған әрекеттік жүзеге асыру мүмкін емес екенін түсіндіріп, жауап берді.
Сот отырысы барысында анықталғаны, Серіктестіктің мемлекет алдында 89 038 709,83 теңге көлемінде салық берешегі және 398 778,89 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер бар. Мемлекеттік сот орындаушысының өндірісінде Серіктестіктен өндіріп алушы дара кәсіпкер Н. пайдасына 131 986 теңге қарыз, 13 199 теңге өсімпұл және 1 452 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізу қозғалған. 2023 жылғы 5 шілдедегі мемлекеттік сот орындаушысы қаулысына сай, Серіктестікке белгілі әрекеттерді жүзеге асыруға (оның ішінде басшыны өзгертуге) тыйым салынған. Осы секілді бірнеше атқарушылық іс жүргізу қозғалған және олар бойынша Серіктестікке басшыны өзгертуге қатысты тыйым салынған. Серіктестікке қатысты атқраушылық іс жүргізулер қозғалғанын ескере отырып, талап қоюшының басқа мекемеде жұмыс жасап жатқан жағдайы, Жауапкердің әрекетін заңсыз деп танып, оны директор жөніндегі мәліметті алып тастауға міндеттеуге негіз бола алмайды. Бұл жерде талап қоюшы өзіне қолайлы әкімшілік актіні шығаруға негіздер немесе дәлелдемелер ұсынбады, сол себепті талап қою қанағаттандырусыз қалдырылды.  
Бұл мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп қана қоймай, мемлекет деңгейінде басқарушылық шешімдер қабылдау процесінде азаматтық белсенділікті арттыруға мүмкіндік беретін ӘРПК-нің негізгі нормалар ғана. Кодексті қабылдау мемлекеттік орган қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, жариялы-құқықтық дауларды шешудің нақты тәртібін белгілеуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын және сот билігінің тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға оң септігін тигізетініне кепіл.
 
А.Ш.Жамиев, Ақтөбе облысының
мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...