Дәрігер пневмониядан кейін өкпені қалыпқа келтіруге көмектесетін әдістерді атады

Ресейлік дәрігер-терапевт, пульмонолог Алексей Никишенков пневмониядан кейін өкпені қалыпқа келтіруге көмектесетін әдістерді атады. Оның сөзінше, физикалық белсенділік пен тыныс алуға бағытталған жаттығулар сіздің денсаулығыңызға оң әсер береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Пятый канал» басылымына сілтеме жасап. 

Дәрігер аурудан айыққан соң өкпені қалыпқа келтіруде скандинавиялық жүрістің тиімділігі көп екенін айтады. Бұл жаттығу қол, аяқ, арқа және кеуде бұлшық еттерін жақсартады. Дұрыс тыныстаған жағдайда өкпе жүйесін де нығайтады екен. Сонымен қатар пульмонолог өкпені қалыпқа келтіруде скандинавиялық жүрістен бөлек, велосипед тебу, роликпен сырғанаудың да пайда екенін атап өтті. 

Никишенков тез қалыпқа келу үшін күн режимін сақтап, дұрыс тамақтану керегін, таңғы жаттығу жасауды естен шығармаған жөн екенін айтты. 

«Тыныс алу жаттығулары диафрагманы, қабырға аралық бұлшық етті нығайтып, қан айналымын жақсартады, қан оттегімен қанығады», — деп түсіндірді маман.

AI-проекты: решение реальных задач

ВТОРОЙ ЭТАП ПРОГРАММЫ AI-SANA – ОДНОЙ ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ИНИЦИАТИВ,...

Когда пенсионные накопления под угрозой 

Согласно статистике Агентства по финансовому мониторингу, в 2025-2026 годах...

Строительный кодекс: семь решений законодателя

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА СТРОИТЕЛЬНОЕ ПРАВО КАЗАХСТАНА ФАКТИЧЕСКИ ВСТУПИЛО...

Уроки духовности

ДУХОВНОМУ И ПАТРИОТИЧЕСКОМУ ВОСПИТАНИЮ КУРСАНТОВ В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД...

Акцент – на профилактику

О НЕОБХОДИМОСТИ СИСТЕМНОЙ И НЕПРЕРЫВНОЙ РАБОТЫ ПО РЕШЕНИЮ ПРОБЛЕМ...