12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Дәрігер педофилдерді қалай кастрациялайтынын айтып берді

Препарат педофилиямен ауыратын науқастың тестостерон деңгейін нөлге дейін төмендетеді. Шығыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің медициналық бөлімінің бастығы Рашат Мұхаметқалиев колониядағы педофилдерге химиялық кастрация қалай жүргізілетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды /КТКтеларнасы.

«Біз химиялық кастрацияның алғашқы инъекциясын 2019 жылдың 19 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында 8 жасар қызды зорламақ болған педофилге жасадық. Ол химиялық кастрация тағайындалып, қатаң режимдегі колонияда 15 жылға сотталды», — деді Мұхаметқалиев.

Сотталушы «Андрокур депо» препаратын әр 12 күн сайын қабылдайды. Қылмыскер ол туралы журналға өзі қол қояды.

«Жақында екінші педофилге химиялық кастрация жасай бастадық, ол 11 жасар өгей баласын зорлады деп айыпталды. Сот оны химиялық кастрация тағайындаумен 17 жылға қатаң режимге соттады», — деді бөлім бастығы.

Оның сөзіне қарағанда, сотталғандарға тағайындалатын препарат қандағы тестостерон деңгейін төмендетіп, құмарлықты азайтады. Әр үш айда дәрігерлер препараттың ағзаға әсерін анықтау үшін педофилді  тексеруден өткізеді. Барлық талдаулардан кейін, әр алты айда сот-психологиялық сараптама мамандары кастрацияны ұзарту туралы шешім қабылдайды.

«Үкімнің соңында денсаулық сақтау органдарында және полицияда тіркелу үшін бірқатар қажетті шараларды қолданамыз. Препарат құмарлық толығымен жойылғанға дейін егіледі, яғни педофилиямен ауыратын науқаста тестостерон деңгейін нөлге дейін төмендету керек», — деп түсіндірді Рашат Мұхаметқалиев.

По стандартам европейского образования

В ЖЕТЫСУСКОЙ ОБЛАСТИ СОСТОЯЛОСЬ ТОРЖЕСТВЕННОЕ ОТКРЫТИЕ НОВОГО КАМПУСА ФИЛИАЛА...

Построили спортивные площадки

В Жетысуской области в 2025 году ведется строительство и...

Старт битвы за урожай

УБОРКА ОЗИМОЙ ПШЕНИЦЫ НАЧАЛАСЬ В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ. ПЕРВОЕ ЗЕРНО...

Все начинается с единства…

КАЖДЫЙ ЖИТЕЛЬ Г. КОКШЕТАУ ЗНАЕТ КРАСИВОЕ ЗДАНИЕ КГУ «ҚОҒАМДЫҚ...

О буржуазии и требовании закона

Когда-то мы уже упоминали о реплике Премьер-министра во время...