Дәрігер қант диабеті бар науқастарды вакцинациялау туралы сұраққа жауап берді

University Medical Center (UMС) клиникалық иммунология, аллергология және пульмонология бағдарламасының жетекшісі Елена Ковзель қант диабеті бар науқастарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау туралы сұрақтарға жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әрине, гестациялық қант диабетінде (жүкті әйелдегі қант диабеті) қарсы көрсеткіштер болады. Олар — бала емізу, жүктілік. Ауыр диагноз (коронавирусқа қарағанда) қойылған науқастардың өзі вакцинациялаудан өтеді. Онда өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, қант диабеті де кіреді. Ресей Федерациясы мұнай науқастар да вакцинацияға қатысады деп шешім қабылдады.

Дәл қазір созылмалы ауруы бар науқастарды вакцинациялауда қандай шешім қабылданатынына жауап бере алмаймын. Бірақ қант диабетінің өзі гестациялық диабеттен (жүкті әйелдерде) басқасы вакцинацияға қарсы көрсетілім болып саналмайды», — деп жауап берді Елена Ковзель ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, бұған дейін журналистер қазақстандық дәрігерлерден қант диабетімен ауыратын науқастарды вакцинациялау туралы пікірін сұраған еді.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...