Дәрумендер өндірісі жанданып келеді

Дәрумендердің әлемдік нарығы қазір 210- 228 млрд долларға бағаланып отыр. Жыл сайын 7-9 пайызға өсіп келе жатқан бұл нарықта омарта шаруашылығының үлесі 4-6 пайызды немесе 11,4 млрд долларды ғана құрауда. Онда сұраныс ұсыныстан жоғары болғандықтан, өндірісшілер өз өніміне алдын ала тапсырыс қабылдап қоятын жағдайға жетті. Өкінішке қарай дәрумендер нарығындағы бұл салада Қазақстан былтырға дейін толықтай импортқа тәуелді болып келген еді.

ҚР Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша, былтыр еліміздегі дəрумендер мен олардың туындыларын өткізу нарығы 195 млн доллардан асты. Ондағы өсім бір жылда 2,3 есені құрап отыр. Ондағы омарта өнімдері дəрумендерінің үлесіне қатысты мəлімет жоқ. Егер елімізде жылына 10-12 мың тонна бал өндірілетінін жəне оның тек 1 пайызға жуығы ғана өндірістік деңгейде сусындар мен дəрумендер жасауға жұмсалатынын ескерсек, бұл нарықты млн емес млрд-тармен есептеуге болады. Өйткені қазір табиғи жағдайда өндірілген 1 кг балдың өз бағасы Еуропада 100 еуроны құрайды. Ал одан жасалған дəрумендер келілеп емес, грамдап сатылатындықтан, қосымша құны жоғары өнімдер бір емес бірнеше мың еуроға бағаланады. Өкінішке қарай елімізде омарта өнімдерін өңдеп, одан түрлі дəрумендер жасау ісі енді ғана қолға алына бастады. «Ештен кеш жақсы» дегендей бұл салада тыңнан түрен салып отырған алғашқы өндіріс орны Жетісу облысында құрылды. Олар əзірге ешбір отандық ғылыми-зерттеу институты қолға алмаған тың жобаны бастап, өздерінің жеке бастамаларымен таңғажайып жетістікке жетіп отыр. « Ə д е т т е о м а р т а өнімдері өсімдіктердің эфир майымен араласпайды. Біз өзіндік технологиямен бұл өндірістік үдерістің шешімін тауып, əзірге 21 түрлі өсімдік пен жемістің қосындысынан дəрумендер жиынтығын жасап жатырмыз. Біздің компания 2025 жылы құрылды. Атауынан көрініп тұрғандай біздің алға қойған басты мақсатымыз қазіргі алмағайып заманда халықтың иммундық жүйесін, денсау лығын жақсарту үшін табиғи өнімдердің қосындысынан экологиялық жағынан таза өнімдер жасау. Қазір біз 25 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырмыз. Болашақта омарта ұяларының санын көбейтіп, медициналық туризмге де бет бұрған кезде бұл сан одан да көбейетін болады», – дейді «Kausar Shifa Kz» өндіріс орнының негізін қалаушы Сұңғат Қайролла. Кəсіпкердің айтуынша, дəрумендер нарығында қазақстандық компанияның нарыққа шыққанын естіп ең бірінші боп Қытай елі мамыр айында экологиялық таза өнімдердің көрмесіне шақырған. Оны ұйымдастырушылар тек Қытайдағы ғана емес, бүкіл əлемдегі экологиялық жағынан ең таза, қауіпсіз өнімдерді өзінің мыңдаған сауда желісіне біріктіріп, оны тұтынушыға тікелей жеткізуді мақсат еткен. Егер олардың мақұлдауынан өткен жағдайда Қазақстандағы омарта өнімдерінен жасалатын дəрумендер өндірісі дамудың жаңа кезеңіне қадам баспақ. Отандық жаңа өнімге қытайлардан бөлек малазиялықтар да ерекше қызығушылық танытып отыр. Енді Италиядағы қазақ ғалымының қолдауының арқасында Еуропа елдері де Қазақстанда өндірілген дəрумендерді өз халқына ұсынуға ықылас таныта бастапты. «Мен өзім Текелі қаласында тұрамын. Омарташылықпен 7 жылдан бері айналысып келемін. Бастапқы кезде оны 4 ұядан бастадым. Екі жылдан бері «Kausar Shifa Kz» ұжымына қосылдым. Араның балы ғана емес, уы да денсаулыққа өте пайдалы. Бұрын жүрегім ауыратын. Қазір жүрек ауруын мүлде ұмыттым десе болады. Ара деген ерекше жəндік қой. Оның аналығы күніне 1,5-2 мыңға дейін жұмыртқа туады. Аналық аралар 40 күн ғана жұмыс істейді. Бірінші аптада жас аралардың күтімімен айналысады, екінші аптада ұяның ішін тазалаумен айналысып, үшінші апта ұша бастаған кезде ұяға бал шырынын жинайды. Біздің омарталар орналасқан Текелі тауында жабайы өсімдіктер мен жеміс-жидектер өте көп. Адам мен мал аяғы баспаған жерлер де жеткілікті. Жаз жайлы болса омарта балын 2-3 рет шайқаймыз. Əр ұядан 30 келідей бал жинаймыз», – деген Ақан Оразбекұлының сөзіне қарағанда омарта шаруашылығының əлеуеті елімізде əлі толық игерілмей отыр. Оны күнкөріс көзі ретінде ғана қарастырмай, ірі өнеркəсіптік кешен ретінде дамытатын болса, мұнда жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, экономикалық қызметтің бір емес барлық саласында зор табысқа жетуге мүмкіндік мол.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТІҢ ЖОҒАЛҒАН ТЕЛЕФОНЫН ТАПТЫ

Түркістан қаласына отбасымен саяхаттап келген БАӘ азаматы Desai Dev...

«ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ»: ІЗ КЕСКЕН КРИМИНАЛИСТ

Оқиға орнындағы әрбір із бен заттай дәлелдемені дер кезінде...

КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ БІР КҮНІ

Көші-қон қызметі инспекторының бір күні – азаматтардың құқықтарын қорғауға,...

Ержан Жаубай: Кітап оқудың пайдасы…

Мемлекет басшысы «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасын жариялағалы бері бұл...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің тұрақтылығы ең алдымен заңның үстемдігіне,...