Қазіргі әлем цифлық дамудың бұрын-соңды болмаған деңгейіне жетіп, күнделікті өмірімізге тереңдей еңгеніне бәріміз күә. Еліміз де осы бағыт бойынша өте жоғары деңгейде дамыған елдердің қатарында орын алып, қоғамдық өмірдің көптеген саласына цифровизация еңгізіліп, көптеген қызметтерді қолжетімді етті. Бұл мемлекеттік қызметтер көрсету, білім, медицина және көптеген басқада салаларда белсенді колдануда яғни цифрландыру материалдық және виртуалды кеңістіктер арасындағы шекараны өшіре отырып, аталған негізгі тез қамтиды.
Өткен 2025 жылға қарай қоғамның цифрлік деректерге тәуелдігі де бұрын-соңды болмаған ауқымға жетті: мемлекеттік құрылымдар және тұлғалар электрондық форматта сақталатын, берілетін және өңделетін ақпаратқа сүйенеді. Алайда, қарқынды технологиялық прогреспен қатар киберқауіптер деңгейінің өсуіде мүмкін: хакерлік шабуылдар, құпия жеке деректердің тарауы және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етудің таралуы қарапайым азаматтардың қоғамдық өмірінде қозғайтын күрделі жаһандық мәселеге айналуда. Сондықтан цифрлік қауіпсіздік шараларын қоғамда арасында тұтыну артық болмас.
Сөйтіп, ақпараттық қауіпсіздігінің негізінде үш іргелі қағидат жатыр. Біріншіден, бұр құпиялылық, яғни ақпаратты бөтен көзден қорғау. Екіншіден, деректердің иесінің рұқсатынсыз өзгертілмегеніне кепілдік беретін тұтастық. Ақырында, авторизацияланған пайдаланушыларға кез келген қажетті сәтті ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қолжетімділік.
Ақпараттық қауіп-қатерлер пайдаланушыны барлық жерде – электрондық поштаға кіретін хаттардан бастап басқада электронды сервистерде сақталатын деректерге дейін сақтайды. Мұндай қауіптердің негізгі түрлерінің ішінен зиянкестер жүйеге кіру және дербес деректерді ұрлау үшін пайдаланатын зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді бөліп көрсетуге болады. Мысалы, фишинг – интернет алаяқтықтың күрделі әдісі, оның мақсаты адамдардан құпия мәліметтерді алу болып табылады.
Желі пайдаланушылардың қателіктерінен немесе ұқыпсыздықтарынан жиі туындайтын ішкі қауіп-қатерді, сондай ақ бар ыңғайлығына қарамастан, электрондық сақтау қоймаларында орналастырылған файлдардың қауіпті сақталуына және құпиялығына кепілдік болмайтын, пайдалануға байланысты тәуекелді есепке алмауға қажеті жоқ.
Кибералаяқтықтың құрбандары көбіне қарапайым пайдаланушылар болады. Тәуекелдің негізі адами фактор: тым қарапайым құпиясөздер, желіде ұқыпсыздық және әлеуметтік желілердегі артық ашықтық.
Цифрлық кеңестікте өзін қорғау үшін бірнеше негізгі ережені ұстануды қажет: жеке деректерді қорғауға мекенжайды, телефон нөмірін немесе құжаттардың сканерін жарияламай, жауапкершілікпен қарау өте маңызды. Кіретін сайтарды әрқашан мұқият тексеріп, құлып белгішесіне және электронды мекенжай жолындағы «https» префиксіне назар аудары қажет. Фишингтік ресурстарға ерекше қырағылық көрсету керек, олар ресми сервистер ретінде шеберлі бүркемеленеді.
Сондай-ақ, қаскүнемдер үшін ақпараттың нағыз қазынасы болып табылатын әлеуметтік желілер ерекше бақылауды талап етеді. Өз профиліңізде қатынасуды шектеп, құпия сөздерді таңдау мүмкін жеке мәліметтерді және геолокацияны көпшілікке жарияламау керек. Әріптерді, сандар мен символдарды үйлестіретін сенімді, бірегей және күрделі құпия сөздер жасау жеке цифрлық қауіпсіздіктің іргетасы болып қала береді. Әлеуметтік желілердегі кез келген жарнама түрлеріне аса мұқият қарап, көрсетілген сілтемелер арқылы өтудің қажеті жоқ.
Ақпараттық қауіпсіздіктің даму тарихы – бұл үнемі дамып келе жатқан қатерлермен үздіксіз күрестін тарихы. Жылдан жылға немесе әр онжылдық мерзімінде мамандардың алдында бірегей сын-қатерлер қойып, үнемі бейімделуді және инновациялық шешімдерді енгізуді талап етеді. Қазіргі кезеңде Елімізде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті ірі компаниялардың ІТ-бөлімдерінің айрықша құзыреті болудан қалды, интернет желісіне кіргендердің әрқайсысының мойынына тең дәрежеде түседі. Ақпаратты қорғауға саналы және жауапты көзқарас тек пайдалы дағдыда ғана емес, цифрлық сауаттылықтың маңызды элементіне қоғамның орнықты дамуы үшін қажетті шартқа айналады.
Бейнеу аудандық соты әкімшісінің жетекші маманы А.Б.Джумабекова


