«Цифрлық серпіліс – елдің жаңа мүмкіндігі»

Бұл Жолдау – Қазақстанды жаңа белеске бастайтын маңызды қадам. Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды барлық салаға енгізу – мемлекеттің болашақта табысты дамуының кепілі. Ол халықтың тұрмыс сапасын арттырып, мемлекеттік басқаруды ашық әрі тиімді етеді. Экономика әртараптанып, инновациялық сектор күшейеді, ауыл шаруашылығы жаңа деңгейге көтеріледі, экологиялық қауіпсіздік нығаяды.

Президент Жолдауында ең алдымен білім беру саласына ерекше назар аударылды. Жасанды интеллектті енгізу арқылы әр оқушыға жеке оқу бағдарламасы жасалып, мұғалімдердің жұмысы жеңілдетіледі. Ғылымда үлкен деректерді талдау және жаңа білімдерді жедел өндіру мүмкіндігі артады.

Инфрақұрылым мен көлік саласында ақылды трафик жүйелері енгізіліп, жол қозғалысының қауіпсіздігі жақсарады. Оптикалық-талшықты байланыс желілері ауылдық жерлерге дейін жетіп, өңірлер арасындағы цифрлық алшақтық азаяды.

Құрылыс саласында ақпараттық модельдеу технологияларын пайдалану арқылы нысандардың сапасы артады, шығындар ашық болады, жемқорлық тәуекелі төмендейді.

Ендігі басты міндет – осы бастамаларды нақты іске асырып, кадрлық әлеуетті күшейту. Мемлекеттік басқару академиясы бұл бағытта кәсіби білім беруді, тәжірибелік дағдыларды дамытуға дайын. Жаңа дәуірдің мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алсақ, Қазақстан жаһандық деңгейдегі технологиялық көшбасшылардың қатарына қосыларына сенімдіміз.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының
аға оқытушысы Айнабеков М.Ф.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...