12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Цифрлық қауіпсіздік пен бақылаудың жаңа кезеңі: VxFaces жүйесінің тиімділігі дәлелденді

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы аясында цифрлық технологияларды енгізу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұлғаны тану жүйелерін дамыту қолға алынған болатын. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан заманауи шешімдердің бірі.

VxFaces – жаңа буындағы интеллектуалды бейнебақылау жүйесі болып табылады. Ол келесі мүмкіндіктермен ерекшеленеді:

  • бет-әлпетті 98–99% дәлдікпен тану,
  • деректерді нақты уақытта беру және сақтау,
  • бетперде, көзілдірік, сақал сияқты кедергілерге қарамастан тану мүмкіндігі,
  • нейрожелі алгоритмдердің қолданылуы.
    Осы жүйенің көмегімен 2025 жылдың 9 қазанында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы арқылы Тараз қалалық №3 пробация қызметіне сағат 00:35 шамасында хабарлама келіп түсті. Хабарламада Тараз қаласы, Рысқұлов көшесінде пробациялық бақылауда тұрған азамат <А> түнгі уақытта қоғамдық орында жүргені көрсетілген.

Аталған азаматқа сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ол күн сайын сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін өз үйінде болуға міндеттелген. Аталған тәртіпті бұзғаны үшін азамат пробация қызметіне шақырылып, оған ресми ескерту берілді.

Пробация қызметі үшін бет-әлпетті тану жүйесінің енгізілуі – бұл қоғамды қорғау және қылмыстық қайталанудың алдын алу жолындағы маңызды қадам. Бұл жүйе пробациядағы азаматтарға заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігін еске салады және инспекторлардың жұмысын жеңілдетеді, оларға ең қауіпті немесе жиі бұзушылық жасайтын тұлғаларға назар аударуға мүмкіндік береді.

Цифрлық «көз» бақылауды күшейтіп, қоғамдық қауіпсіздіктің сенімді қалқанына айналуда. Бұл тәжірибе Қазақстанның «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асырудағы тиімділігін нақты дәлелдеп отыр.

Алматинская молодежь поддержала проект новой Конституции

Молодежь Алматы высказалась в поддержку проекта новой Конституции В комьюнити-центре...

Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы комьюнити-орталықта Қазақстан Республикасының жаңа Конституция...

Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл

Қазақ халқының рухани қазынасында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың...

“EGOVKZBOT” TELEGRAM-БОТЫ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТИІМДІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

«EgovKZBot» Telegram-боты – азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты...

Мұқағали Мақатаев және ана тілі: 95 жылдың мұра

Биыл қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың...