COVID-19 жұқтырғандарға туберкулез қаупі бар — министрлік

COVID-19 жұқтырып, айыққан науқастар басқаларға қарағанда туберкулез жұқтыруға бейім болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19 жұқтырған кезінде және кейін жалпы иммунитет айтарлықтай әлсірейді. Сондай-ақ, өкпедегі өзгеріс, фиброз ұзақ уақыт сақталады. Яғни, өкпе құрылымы және тыныс алу жүйесіндегі қорғаныс қызметі бұзылады. Осы факторларды ескерсек, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарда туберкулезбен ауыру ықтималдығы бар.

«Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2020 жылы 40 адамда туберкулез анықталған, ал 2021 жылдың қаңтарында республикада 11 жағдай тіркелген. Бірақ, ықтималдық өте жоғары екенін айту мүмкін емес», — деді медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті өкілдері.

Салдар мен асқынуға жол бермеу үшін амбулаториялық-емханалық деңгейде бақылау қажет, салауатты өмір салтын жүргізу ұсынылады. Дәрігерлер зиян әдеттерден арылуға, спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтану рационын сақтауға, сондай-ақ еңбек және демалыс режимін сақтауға кеңес береді.

«Инфекциянының орташа немесе ауыр түрін жұқтырған адамдарға, сондай-ақ науқас жағдайына байланысты медициналық оңалту курсынан өту ұсынылады. Дене қызуының жоғарылауы, 2-3 апта бойы жөтел, түнде терлеу сияқты клиникалық белгілер болған жағдайда, учаскелік дәрігерге барып, туберкулезді болдырмау үшін тексеруден өту ұсынылады», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ұйымның мәліметі бойынша, коронавирус инфексиясын жұқтырғаннан кейін пайда болатын ең көп таралған патологиялардың бірі — қанның қоюлануына байланысты тромбоздар, миокард инфаркті, жүйелік эндотелиит, миокардит, өкпе фиброзы, тыныс алу жеткіліксіздігі сияқты жүрек-тамыр аурулары.

Бұл асқынулар қант диабеті, артериялық гипертензия, семіздік сияқты созылмалы аурулары бар адамдар және 60 жастан асқан науқастарға әсер етеді.

Таяу Шығыс: Сирияда миллиондаған адам үйлеріне оралды

Сирияда ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардан кейін ел тұрғындарының бір...

АҚШ, Қытай және Ресей басшылары маңызды кездесу өткізуге дайындалуда

2026 жылғы 17 қарашадағы маңызды халықаралық жаңалықтардың бірі —...

Сот-заңнамалық реформалар тәуелсіздікті арттырады

Сот төрелігін, сондай-ақ, заңдарды жетілдіру заман талабы. Өйткені, бұлар...

Кәсіби этика сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді

Ел Конституциясы адамға бағдарланған мемлекет қағидатына негізделген, сондықтан, мемлекеттік...

Впервые разработан законопроект с помощью ИИ-платформы AI-Quryltai

Проект нового закона «О цифровой и информационной безопасности детей»...