COVID-19 қалдықтары адам денсаулығына қауіп төндіреді — ДДСҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясынан кейінгі ондаған мың тонна медициналық қалдық адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Есеп авторларының пікірінше, 2021 жылдың қарашасына дейін БҰҰ порталы арқылы шамамен 87000 тонна жеке қорғаныс құралдарына тапсырыс берілген. Бұл жүздеген көк киттің салмағына тең, оның көпшілігі қалдық болып шықты.

Сондай-ақ, баяндамада 140 миллионға жуық сынақ жиынтығы туралы айтылды. Мамандардың пікірінше, бүкіл әлемде енгізілген 8 миллиардқа жуық вакцина нәтижесінде шыны бөтелкелер, инелер және қорғаныс қораптары түрінде тағы 144000 тонна қалдық шығарылған.

Баяндама авторлары Үндістанның ауылдық жерлерінде қалдықтарды ресми өңдеу мен жою мүмкіндігі шектеулі екенін айтты.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, пандемия басталғанға дейін медициналық мекемелердің үштен бір бөлігі қолда бар қалдықтарды өңдеуге жабдықталмаған. Кедей елдерде бұл көрсеткіш 60 пайызға жетті. Ұйым сарапшылары қайта пайдалануға болатын және қайта өңделетін материалдардан жасалған қорғаныс құралдарын қолдануға шақырды.

Баяндамаға сәйкес, вакциналардың ескі бөтелкелері жұқпалы болуы, медицина қызметкерлеріне ине инъекциясы мен патогенді микробтар қауіп төндіруі мүмкін.

Судьяны судья оқытады: Сот төрелігі академиясының он жылдық даму жолы

2026 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот...

Тіл-асыл құндылығымыз

      Тіл-адамзат баласына берілген ең ұлы сыйлардың бірі. Ол-адамдардың...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің сапасы мен қоғам сенімінің кепілі

Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі, ұлттық...

Тіл – рухани байлығымыз

Тіл – ұлттың жаны, рухани қазынасы және ел бірлігінің...