12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

CONVEX электронды онлайн дүкендер жүйесін қалай пайдалануға болады?

Еліміздегі пандемеялық жағдайда, контактіге түсіп, инфекция жұқтырмаудың алдын алу және уақытыңызды тиімді пайдалану үшін,тергеу изоляторында отырған жақындарыңызға сәлем-сауқатты пенитенциярлық мекемелерғе арналған CONVEX электронды дүкендер жүйесі арқылы жібере аласыздар.

Бұл сервистік жүйе, 2019 жылдан бастап, қылмыстық-атқару саласын реформалау аясында,пайда болған .

Электронды дүкендердің ҚАЖ мекемелерінде қамауда отырғандардың әлеуметтік бейімделуі үшін маңыз зор.

Яғни, олар жабық мекемелерде бола тұрып, өздерін қоғамның бір бөлігі ретінде сезіне алады.

Өйткені, олар теміртордың арғы жағында отырып-ақ, қажетіне керекті, соның ішінде рұқсат етілген заттарды тапсырыс беріп алдыра алады.

Ол үшін CONVEX — электронды дүкен жүйесіне тіркелудің алты қадамы орындалуы керек.

1.Қамаудағы азамат іштегі терминалға өз туыстарының нөмерін енгізіп, тіркеуден өтеді.

2.Тіркелген нөмер арқылы туыстары сотталғанның логині көрсетілген хабарлама алады

3.Одан соң, планшет, ноутбук, компьютер, ұялы телефон арқылы www. convex. kz сайтын теріп, тіркеуден өтеді.

4.Тіркеу аяқталған соң, қолжетімді тәсілмен өз балансын толтырады.

5.Шотқа ақша түскеннен кейін, аударым жасау бөлімі арқылы сотталушының логиніне аударады.

6.Іште отырған азамат терминал арқылы шотына түскен қаражатқа керекті тауарларды таңдап, тапсырысты төлей алады.

Сонымен қатар,
8-800- 080 -50 -11 нөмеріне тегін қоңырау шалу арқылы барлық сұрақтарыңызға жауап аласыздар.

  • Бүгінгі таңда ЗК-169/тергеу изоляторында ұсталынып отырған қамаудағы азаматтарға бұл жүйені пайдалану бойынша, әділет лейтенанты , жасақ бастығы Нұрсұлтан Ниязов толықтай түсіндірме жұмысын жүргізді.

Бұл электронды сервистік жүйенің тергеу изоляторында мүмкіндігінше, ертерек жұмыс жасауы үшін, ендігі кезекте, туыстары тарапынан сұраныстың көп келіп түсуіне байланысты екендігін ескертеміз -дейді, әділет капитаны, АКАӘПТБ-бастығы А. Тұрманов

Оказана благотворительная помощь со стороны службы пробации Аягозского района

В рамках священного месяца Рамазан службой пробации Аягозского района...

Абай облысы Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен қоныс колониясында «Алғыс айту» күні өтті

Абай облысы Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен қоныс колониясында...

В учреждении минимальной безопасности города Семей прошёл День благодарности «Алғыс айту»

В учреждении минимальной безопасности города Семей области Абай состоялось...

Абай облысы Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен қоныс колониясында «Алғыс айту» күні өтті

Абай облысы Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен қоныс колониясында...

Қауіпсіздігі орташа колониясының сотталушылары үшін кино кеші ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша қауіпсіздігі орташа колониясы сотталғандарына Алғыс айту...