12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Цифрлы жүйе саланы жаңғыртты

Еліміздің цифрлы жүйеге дер кезінде көшуі қоғамның дамуына айтарлықтай оң әсер етті. Соның ішінде сот саласы да сандық жүйеге көшумен бірге көптеген заманға сай жаңашылдыққа ие болып, саланың ажырамас бөлшегіне айналды.
Сот тәжірибесіне ең алдымен «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинеті» сервисі енгізілсе, кейін «Электронды шақыру қағазы», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS-хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы секілді жаңа электрондық қосымшалар енгізіліп, халық игілігіне ұсынылды. Бұдан бөлек рес­публикадағы барлық сот мәжіліс залдары толықтай дыбыс-бейне жазатын құрылғылармен қамтамасыз етіліп, сот отырыстары таспаға жазылатын болды. Мұның барлығы сот жұмысын айтарлықтай өзгертті, жеңілдетті, іс барысын жеделдетті. Бұрын сот ғимаратына арнайы келіп, арыз-шағымын жазатын азаматтар енді онлайн режимде электронды түрде арыздарды, талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ, істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік алды. Әсіресе, сотпен қоян-қолтық жұмыс істейтін адвокаттар қауымы «Сот кабинеті» сервисінің тиімді, пайдалы екенін жарыса айтуда.
Жалпы, сандық жүйе туғызған мүмкіндіктер уақытын қадірлейтін азаматтарға қолайлы жағдай туғызғаны шындық. Жаңа ақпараттық технологияны енгізудің тағы бір тиімділігі арызданушы азаматтар мен сот қызметкерлерінің тікелей қарым-қатынасқа түсуіне жол берілмейді. Өз кезегінде бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етті. Салада адам факторы азайды. Сотқа түскен іс-материалдарының судьяларға автоматты түрде бөлінуі де жаңа технология жемісі. Істерді қазір ешкім бөлмейді, судьялардың да таңдау мүмкіндігі жоқ. Мұның барлығы сот жұмысына қатысты ашықтықты арттырып, күмәнді сейілтті, халықтың сотқа деген сенімін арттырды.
Ең бастысы бұрынғы қағазбастылық азайып, халықтың уақытын тиімді пайдалануға өз септігін тигізуде. Қазіргі кезде әрбір тұлға, ұйым сот өндірісіндегі істің жүру процесін қадағалай алады және өзіне қажетті құжаттарды, ақпаратты электронды түрде ала алады. Бұл жаңашылдықтардың барлығы еліміздің азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда кең мүмкіндіктерді пайдалануына жол ашты. Саладағы сандық қызметтер бүгінде сот жүйесінің дамуын жаңа сатыға көтергенін байқап отырмыз. Бұл халықтың сотқа жүгінуі жаңа деңгейге көтерілгенін де көрсетеді.

Дастан Слямкулов,
Алматы қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...