Чемпиондар лигасы: Роналдудың командасы жарыс жолынан шығып қалды

9 наурызда Турин мен Дортмундта Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчтары өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ювентус» «Портуды» қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Туриндіктер сапында Федерико Кьеза (дубль) мен Адриен Рабьо гол соқты. Ал португалиялық ұжым сапында Сержиу Оливейра дубль жасады. Екі голды командалар овертаймда соқты.

54-минутта «Порту» ойыншысы қызыл қағаз алып, қонақтар он футболшымен ойнады.

Бұл жеңіске қарамастан Криштиану Роналдудың командасы ширек финалға шыға алмады. Алғашқы ойында португалиялық клуб 2:1 есебімен жеңген. Осылайша, «Порту» сырт алаңда соққан голының арқасында келесі кезеңге жолдама алды.

Бұл матчпен қатар өткен ойында дортмундтық «Боруссия» өз алаңында «Севильямен» тең түсіп, ширек финалға шықты. Матч 2:2 есебімен аяқталды. Эрлинг Холанд дубль жасап, алаң иелері алда тұрған. Бірақ қонақтар сапында Юссеф Эн-Несири екі гол соғып, таразы басын теңестірді.

«Боруссия» Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты. «Севильяның» алаңында өткен алғашқы ойында дортмундтықтар 3:2 есебімен жеңген болатын.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...