ЧЕМПИОНДАРҒА – УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті әрқашан үздік спортшыларды қолдайды.

Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға білім беру грантын табыстауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Университет құрылтайшысы София Арғынқызы Суюбаеваның қолдауымен Бакуде өткен дзюдодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Давлатов Шерзод Рахимовичке және 2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарының құзға өрмелеуден қола жүлдегері Тоқтаров Дамир Манасовичке университет гранты берілді.

Грант иегерлері Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің бакалавриатындағы 6В01422 (ІР) – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алу үстінде.

Шерзод Давлатовтың әлем чемпионатындағы күміс жүлдесі мен Дамир Тоқтаровтың Азия ойындарындағы қола медалі – қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерінің айғағы.

Университеттің бұл бастамасы спорттағы жетістікті біліммен ұштастырып, чемпиондардың кәсіби дамуына мүмкіндік беруді көздейді. Білім беру гранты спортшыларға қолдау көрсетумен қатар, жастарды спортпен айналысуға және білім алуға ынталандыратын маңызды бастама болмақ.

Создаются «Команды развития села»

КАЗАХСТАНСКОЕ СЕЛО ДОЛГОЕ ВРЕМЯ ОСТАВАЛОСЬ МЕСТОМ, ГДЕ ГОСУДАРСТВЕННАЯ ПОМОЩЬ...

В поддержку людей с особыми потребностями 

С 1 ЯНВАРЯ 2025 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ВВЕДЕНО ОБЯЗАТЕЛЬНОЕ...

Искусственный интеллект и новые формы мошенничества

РАЗВИТИЕ ЦИФРОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ, КОТОРОЕ СУЩЕСТВЕННО РАСШИРИЛО ВОЗМОЖНОСТИ КОММУНИКАЦИИ, ПОЛУЧЕНИЯ...

О безопасности и правах стражей порядка

ЗА КАЖДЫМ ТРЕБОВАНИЕМ ПОЛИЦЕЙСКОГО ОСТАНОВИТЬ АВТОМОБИЛЬ, ПРЕКРАТИТЬ ДРАКУ ИЛИ...

Қазақ тілі қандай тіл?

Ана тіліміздің жанашыры А.Байтұрсынұлының: «Қазақ тілі – ең жетілген,...