БЖЗҚ: Жинақтан ақша алуда алаяқтар пайда болды

БЖЗҚ салымшылары алаяқтар тарапынан фишинг шабуылдарына тап болғаны туралы хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ сайтына сілтеме жасап.

«Сақ болыңыз, алаяқтар! Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы (қазіргі «Отбасы банкі» АҚ) арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұнға ие жіберілімдер жасамайтынын ресми түрде мәлімдейді. Сонымен қатар БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды», — делінген хабарламада.

БЖЗҚ бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді. Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру қажет.

Анықтама: Фишинг мақсаты пайдаланушылардың құпия деректеріне — логиндер мен парольдерге қол жеткізуді көздейтін интернет-алаяқтықтың түрі. Құпия деректерге танымал брендтер атынан электрондық хаттарды жаппай тарату, сондай-ақ, түрлі сервис, мысалы, банктер атынан немесе әлеуметтік желілер ішінде жеке хабарламалар жіберу арқылы қол жеткізіледі. Хатта көбінесе осы сайттан сырт қарағанда еш айырмашылығы жоқ сайтқа немесе қайта бағыттау сайтына тікелей сілтеме болады. Пайдаланушы жалған парақшаға кіргеннен кейін, алаяқтар әртүрлі психологиялық әдістермен қолданушыны жалған парақшаға өзінің белгілі бір сайтқа кіру үшін пайдаланатын логині мен паролін енгізуге итермелеуге тырысады. Бұл алаяқтарға жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

22 МЫҢНАН АСТАМ ТАЛАПКЕР АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІН ТАҢДАДЫ

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына биыл 127 мыңға жуық...

Мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі: заңның жаңа талаптары

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа «Қазақстан Республикасының...

Точка отсчета МЭКС: электросети Карагандинской области ждёт масштабное обновление

Электросетевое хозяйство Карагандинской области десятилетиями обеспечивало регион электроэнергией, несмотря...

Құмар ойындар мен мемлекеттік қызмет — бір-бірімен үйлеспейтін ұғымдар

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті

Астанада ағза трансплантациясы, трансплантолог дәрігерлердің еңбегі және өмірлік маңызы...