БЖЗҚ төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлерді іздеп жатыр

БЖЗҚ зейнеткерлік жасқа толған, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін зейнетақы қорына өтініш бермеген адамдарды іздестіріп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылы 11 қазаннан бастап зейнеткерлік жасқа толуға байланысты бірыңғай өтініш беруге болатын «бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызмет енгізілген болатын. Оның аясында зейнеткерлік жасқа толған алушы бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне (яғни ХҚО-ға) жүгінеді.

«Алайда БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінде қордан төлемдер жүзеге асырылмаған 200 мыңнан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар бюджеттен қаражаттарын алып жатыр. Олардың көпшілігі зейнеткер қатарына 2018 жылдың 11 қазанына дейін қосылған», — делінген хабарламада.

БЖЗҚ салымшылардың деректерін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіп, 2021 жылы 1 сәуірден бастап қордан төлем жүзеге асырылатын тұлғалардың тізімін жасақтады. Енді осы санатта бар адамдардың телефон нөмірлеріне БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады.

Келісім алынғаннан кейін бұл азаматтарға БЖЗҚ-дан төлемдер Мемлекеттік корпорацияға алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынған банк шоттарына жіберіледі.

Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асады.

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...

Гигантская псевдокиста после тяжелого панкреатита: алматинские хирурги провели сложную двухэтапную операцию

Ранее женщина перенесла тяжелую форму воспаления поджелудочной железы, которое...

Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Тәуелсіз...

30-летний рубеж: ЕНУ вступил в новый этап развития

В Евразийском национальном университете имени Л.Н. Гумилева состоялись торжественные...

30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жоғары оқу орнының...