Бұрынғы министр Тұрғымбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Астана сотында бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазасын қалай өтеп жатқаны айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамызда сот Тұрғымбаевқа лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін шартты түрде 5 жылға үкім шығарды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі 2024 жылғы 26 тамызда заңды күшіне енді, оған шағым түспеген.

«Сот үкімімен пробациялық бақылау белгіленді, оны уәкілетті мемлекеттік орган тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі арқылы жүзеге асырады», – деп жазылған сот мәліметінде.

Пробациялық бақылау қағидалары бойынша Тұрғымбаевтың уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрақты тұрғылықты жерін немесе жұмысын өзгертуге құқығы жоқ.

Сотта «экс министр арнайы білезік таға ма» деген сұраққа да жауап берілді. Мәліметке сүйенсек, қылмыстық істі қарау кезінде сотталған адам білезік тақпаған, өйткені ол қамауда болған. Қазір жағдай қалай екені нақтыланбады.

Еске салайық, бұған дейін сот билікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісіне қатысты үкім шығарғаны хабарланды.

Сот үкімімен экс-шенеунік ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оған сыбайлас жемқорлыққа қатысты айып тағылмағандықтан, ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау ұйғарылды.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.