Бурабайдағы балықтардың қырылу себебін экологтар анықтап жатыр

Бірнеше күн бұрын Үлкен Шабақты көлінде балықтардың қырылған еді. Енді мұндай апаттың себебін Ақмола облысының экологтары анықтауда. Мамандар құрамындағы зиянды химиялық заттардың бар-жоғын анықтау үшін су сынамаларын алды. Зертханадағы зерттеу нәтижесі жұма күні белгілі болады, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өлген балықтардың өлекселері бөлек сараптамаға жіберіледі.

Ал көл орналасқан Бурабай ұлттық паркінің мамандары балықтардың қырылуына су қоймасына оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлетін көк-жасыл балдырлардың гүлденуі себеп болған деген қорытындыға келді. Дегенмен экологтар асығыс қорытынды жасамай, зертханалық зерттеулердің аяқталуын күту қажет дейді.

«Егер сараптамалар су қоймасында рұқсат етілген шекті нормадан жоғары зиянды химиялық заттар барын көрсетсе, онда біз тексеру жүргіземіз. Су қоймасының жағдайын, оның қалай күтіп-бапталып жатқанын тексереміз, жалпы, кешенді тексеріс болады.

Осының қорытындысы бойынша су қоймасы жататын кәсіпорынға ұсыныс жасаймыз», – деді облыстық Экология департаментінің басшысы Қадырхан Бейсенбаев.

Еске салсақ, Бурабай курортындағы балықтың белгісіз себеппен қырылуы қазақстандықтардың талқысына түскен. Туристер Үлкен Шабақты көлінің жағасынан балықтардың шоғырын тауып, желіге жариялаған.

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...