12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі — Гендерлік саясат»

Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердiң мiнез-құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және мәдени нормалары мен рөлдерiнiң жиынтығы. «Gender» сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Ал, гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет.

Мемлекет басшысының 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Стратегиялық билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады. Оларға экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша өсу, білім беру саласында гендерлік білімді енгізу, өмір сапасын арттыру және тұрғындардың ұдайы өсімін қамтамасыз ету үшін жасөспірімдермен әйелдердің, ерлердің репродуктивтік денсаулығын  нығайтумен сақтау, жынысына қарай зорлық-зомбылық көрсетпей, отбасындағы міндеттермен құқықтарды тең дәрежеде жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады.
          Аталған стратегияны жүзеге асыру мақсатында  2009 жылы Қазақстандық заңнаманы күшейтетін 2 заң қабылданды. 04.12.2009 жылы «Тұрмыстағы зорлық зомбылықтың алды-алу туралы » заң қабылданды, ол адамдар мен азаматтардың отбасылық -тұрмыстық қатынастары саласындағы заңдық мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық  құқықтарын қорғауға бағытталған. Қабылданған заң әйелдерге қатысты тұрмыстық зарлық-зомбылықтың алдын  алу және жолын кесу жолында шынайы құқықтық жағдай жасады.
          08.12.2009 жылы ел Президенті «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңға қол қойды. Заң мемлекеттік органдар басшыларына ерлер мен әйелдердің тәжірибелеріне, қабілеттеріне  және кәсіптік даярлықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін, олардың жергілікті басқару органдарында, сондай ақ мемлекеттік биліктің заңнамалық, атқарушылық  және сот тармақтарында тең серіктестік қатынастарының сақталуын міндеттейді.
           Бұл заңның жетістіктерінің бірі – ерлермен әйелдердің жынысына қарамай өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық және мәдени салаларына тең құқық пен тең мүмкіндік бере отырып, шынайы қолжетімділікті қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе ретінде «гендерлік теңдік » ұғымын заңнамалық тұрғыда бектітуі.

Қазіргі таңда Қазақстан әйелдерінің арасында мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұжымдарды басқарып жүрген қыз-келіншектер аз емес. Әйелдер тек тұрмыста ғана емес, әлеуметтік салаға, қоғамдық өндіріс пен ғылым, әдебиет, өнер, спортқа және кәсіпкерлік саласында да белсенділік танытып, барынша үлестерін қосып, еншілерін алуда. Олар үйде берекелі ана, сүйікті жар болса, саясат пен билікте абыройлы басшы, шебер маман.

 Елімізді әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде әйел азаматтардың алар үлесі қашан да жоғары..

Маңғыстау облысының кәмелетке

толмағандардың істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы

Сарсенкуль Сериковна Толесбаева

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...