Бүгін ауа райы қандай болады

Қазгидромет 3 сәуір, бейсенбіде Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 15-17 градус жылы.

Алматы

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 21-23 градус жылы.

Шымкент

Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 24-26 градус жылы.

Ақмола облысы

Күндіз облыстың батысында және солтүстігінде жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде батыста және солтүстікте екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 13-18, солтүстік-батыста 10 градус жылы.

Алматы облысы

Түнде таулы аймақтарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз шығыста, таулы аймақтарда екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8 жылы, таулы аудандарда 2 градус суық, күндіз 18-23, таулы аймақтарда 8-13 градус жылы.

Жетісу облысы

Жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 9-14 м/с, күндіз Алакөл көлдері маңында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4 градус суық — 1 градус жылы, оңтүстікте 5 жылы, таулы аудандарда 7 градус суық, күндіз 17-22, таулы аймақтарда 12 градус жылы.

Түркістан облысы

Жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 6-11, таулы аудандарда 3, күндіз 23-28, таулы аудандарда 20 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде солтүстік-шығыста, шығыста жаңбыр, солтүстікте аздаған жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 15-20 градус жылы.

Атырау облысы

Түнде батыста, оңтүстікте жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 17-22 градус жылы.

Маңғыстау облысы

Түнде оңтүстікте, орталықта аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр, солтүстік-шығыста, орталықта найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз оңтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 12-17, солтүстік-шығыста 9, күндіз 22-27, батыста 12-17 градус жылы.

Ақтөбе облысы

Түнде солтүстікте жаңбыр, күндіз солтүстікте, оңтүстікте аздаған жаңбыр. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 7-12 м/с, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 15-20, оңтүстікте 23 градус жылы.

Қостанай облысы

Түнде батыста, солтүстікте, шығыста аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, түнде батыста, солтүстікте екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 12-17, оңтүстікте 20 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде батыста аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр. Түнде және таңертең батыста тұман. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 1-6 жылы, оңтүстікте 2 градус суық, күндіз 12-17, оңтүстікте 9 градус жылы.

Павлодар облысы

Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, күндіз батыста, солтүстікте екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2 градус суық — 3 градус жылы, күндіз 13-18 градус жылы.

Қарағанды облысы

Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста тұман. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3 градус суық — 2 градус жылы, күндіз 11-16 градус жылы.

Ұлытау облысы

Жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с, күндіз солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 1 градус суық — 4 градус жылы, батыста 7 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысы

Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстікте, шығыста, оңтүстікте тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз солтүстік-батыста екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5, шығыста 10 градус суық, күндіз 9-14, солтүстікте, шығыста 4 градус жылы.

Абай облысы

Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең солтүстікте, орталықта тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 м/с, күндіз батыста, солтүстікте, орталықта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3 градус суық — 2 градус жылы, шығыста 6 градус суық, күндіз 12-17, шығыста 8 градус жылы.

Қызылорда облысы

Жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз орталықта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 23-28 градус жылы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.