Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, кей өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, екпіні күшті жел соғады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың орталығында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде тұман.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман.

30 қазанда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман, көктайғақ.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман.

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.