Бүгін ауа райы қандай болады?

8 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі. Облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі және шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 класс) бар.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.