Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 30 қыркүйекте Қазақстанның 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын ескертеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде де жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады деп күтіледі. Түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал облыстың орталығында 23-28 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.

Шымкентте күндіз найзағай ойнайды деп болжанады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 30 қыркүйек – 1 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.