Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» орталығы 23 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде батысында, солтүстігінде топырақ бетінде -2 градус, үсік жүреді деп күтілуде. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында топырақ бетінде -2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ақмола облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта 23 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

23 қыркүйекте түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде -2 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 қыркүйекте түнде және 24 қыркүйектің таңында Атырау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.

2027 жылдан бастап МӘМС жүйесінде не өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді 

Қазақстанда денсаулық сақтауды қаржыландырудың басым бөлігі сақтандыру моделіне көшуі жалғасуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды 

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Үсік жүріп, тұман түседі: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы 

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 29-30 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігіне жоғары атмосфералық қысым өрісі әсер етеді.

583 адам декреттік төлемді қайтаруға міндеттелді: Қор ақшаны неге кері сұрайды? 

2025 жылдан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүктілікке және босануға байланысты артық төленген қаражатты өндіріп алу үшін 583 алушыға қатысты сотқа талап-арыз берген.