Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады, найзағай соғады, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде секундына 3-8 метр, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 жылы.

Алматыда көшпелі бұлт, күндіз қысқа жаңбыр жауады, найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз қатты ыстық 34-36 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 8-13 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 37-39 ыстық.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.