Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет синоптиктері 12 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер еліміздің 18 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Алматыда жоғары өрт қаупі бар.

Астанада күндіз найзағай ойнайды.

12 тамыз күні Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде 35 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, батысына тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне, батысына тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысына тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, шығысына тұман түседі. Жел оңтүстік-шығысытан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысына тұман түседі. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың олтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.