Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер бүгін, 11 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатынын болжады. Ал кей өңірде аптап ыстық болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысының батысында найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с.

Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстңгінде, шығысында бұршак, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғанды, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Алматыда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 11-12 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз тауды екпіні 15-20 м/с болады.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.