12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 12 маусымда еліміздің 19 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде ,найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 39 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с.

Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Алматыда найзағай ойнайды, найзағай кезінде жел екпіні 17 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының жоғары өрт қаупі сақталады.

ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ШЕКАРАДАН ШЫҒУЫН ШЕКТЕУ КЕРЕК

Сыбайлас жемқорлық қылмысымен ұсталғандардың шет елге шығуына тыйым салу керек. Біздің елімізде олар небары 8 жылға бас бостандығынан айырылуға кесілгенімен, 2 жылда босап шығады да, ары қарай шетелге қоныс аударады. Жемқорлықпен иеленген мүлкін, қаржысын алып кетуге де еш кедергі жоқ.

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшасын қайда жұмсап жатыр?

Зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін алған қазақстандықтар оны қандай мақсатта қолданып жатыр? БЖЗҚ статистика ұсынды.

Несие алу: 2025 жылдан бастап қандай өзгерістер болады?

2024 жылы 6 613 727 қазақстандық несие алған. 2024 жылы қазақстандықтардың берешегі 2023 жылмен салыстырғанда 22,2%-ға артқан. Ал 2025 жылы несие алуда қандай өзгерістер болмақ?

Әлеуметтік желіде жоғалып кеткен қазақ әуендері қашан қайтарылатыны әлі де белгісіз

Meta компаниясына тиесілі Instagram мен Facebook қазақ әуендерін қашан желіге қайтаратынын ашып айтпай отыр. Әділет министрлігі келіссөздердің әлі күнге дейін жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ҚМДБ кибербуллингке қатысты үкім шығарды

ҚМДБ кибербуллингке қатысты үкім шығарды.