ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған екі талапкердің нәтижесі жойылды

ҰБТ-2022-де 140 балдың 139-ын жинаған екі талапкердің ұпайы жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram-да жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейне бақылау камерасын қайта тексеру барысында Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру кезінде түлектердің алдау деректері анықталған. Қазіргі уақытта жоғары балл жинаған талапкерлердің тағы 100-ден астам видеосы тексеріліп жатыр.

«Құрметті, талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетiңiздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 БАЛЛ жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл сіз болуыңыз мүмкін, біз сізді күтеміз!» — дейді Руслан Емелбаев.

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Абай университетінде жаңа Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Абай университетінде «Мектеп және жоғары оқу орнындағы білім берудегі...