12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҰБТ-2022: жаңа ережелер қандай?

Орталық коммуникациялар қызметінде 2022 жылғы ҰБТ жаңа талаптары айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл ҰБТ-ға тіркелу 28 сәуірден 14 мамырға дейін жалғасады. Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жүргізіледі. ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаевтың сөзінше, бүгінде 130 мыңнан аса талапкер өтініш беріп үлгерген. 

ҰБТ 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады. Форматы және пәндер саны бойынша ешқандай өзгеріс жоқ. Ең жоғары балл — 140. Уақыты — 4 сағат.

Талапкерлер биыл мемлекеттік грантқа ілігуі үшін екі рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік алды. Талапкер осы екі тест нәтижесінің бірін алып, конкурсқа қатыса алады. Алайда таңдау пәндерін ауыстыруға болмайды

«Бірінші мүмкіндікте ереже бұзылған жағдайда, тест нәтижелері жойылады және талапкерге екінші мүмкіндік берілмейді. Ал біріншісінен сәтті өтіп, екінші мүмкіндікте белгілі бір ережелерді бұзса, екеуінің де нәтижесі жойылады және конкурсқа қатыса алмайды. Сондықтан әрбір талапкерді академиялық адалдықты сақтауға шақырамыз», — деді Әділет Тойбаев. 

Шектік балдар бойынша аса өзгеріс жоқ, тек құқық бағыты бойынша шектік балл 75-ке көтерілгені хабарланды.

Ерекше білім беруге мұқтаж балалар үшін қосымша 40 минут беріледі. Тесттердің құрылымы да мүмкіндіктеріне қарай өзгерген.

«Тағы бір жаңашылдық — академиялық адалдықты сақтау үшін, әрбір талапкердің тест нұсқасы таңбаланады. Әрбір тестіленушінің нақты тест нұсқасы болады. Белгілі бір тестіленушінің атынан ереже бұзушылық болса, ол анықталады және нәтижесі жойылады», — деді ол. 

Бір компьтер, екі камера, бір тестіленуші қағидаты болады. Яғни тағы бір фронталды камера қосылды. Оның мақсаты — тест тапсырып отырған адамды сәйкестендіру, емтихан барысында қадағалау екені айтылды. 

Биыл ҰБТ онлайн форматта өтеді. «Оның ең басты ерекшелігі — талапкер тест тапсыратын күнін, уақытын және жерін өзі таңдай алады» дейді БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. 

«Тест аяқталған соң апелляцияны 30 минут ішінде беруге болады. Бұған дейін, қағаз форматы кезінде бала келесі күнді күтіп, сұрақтарды есіне түсіруі керек еді. Бұл компьютерлік форматтың ең үлкен ерекшелігі. ҰБТ аяқталғаннан кейін оқушыға екі мүмкіндік беріледі — тесті аяқтау немесе апелляцияға беру. Сонда апелляцияға қатысты 120 сұрақ оқушының көз алдына беріледі», — деді ол. 

Негізгі ҰБТ алдында тағы бір іске қосылған жаңалықтардың бірі — онлайн сынама тест. Биылғы онлайн сынама тестілеудің ерекшелігі — Ұлттық тестілеу орталығында аккаунттың болуы, тіркелу шарт емес. Кез келген оқушы ЖСН жазып, емтиханды тапсыра алады. 

Руслан Емелбаев Ұлттық тестілеу орталығы екі жыл қатарынан Қазақстандағы белді оқу орталықтарымен бірлесе отырып тікелей эфирде, You Tube-арнада сабақтар өтіп жатқанын айтты. Қазанда басталған бұл сабақтар мамырдың соңында дейін жалғасады. Бұл әсіресе ауылдық жерлердегі оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын жақсартуға көмектеседі дейді ол. Оқушылар пікірлерде мұғалімге сұрақ қоя алады. 

Тағы бір жаңашылдық — тақырыптық талдау. Бұл наурыз ҰБТ-сы кезінде пилоттық жоба ретінде енгізілген болатын. Қазір бала ҰБТ-ны аяқтағаннан кейін жеке кабинетінен арнайы жеке тақырыптық талдау көре алады. Ол әр пәнді меңгеру деңгейі және ҰБТ-ға дайындықты жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. 

Сонымен қатар, биыл Қазақстан тарихы пәні бойынша жаңалықтар бар.

«Сұрақ саны өзгермеді, бірақ жаттауға негізделген сұрақтар санын азайту мақсатында, контекстік, яғни мән-мәтін сұрақтар енгізілді. Барлығы 15 сұрақтың соңғы 5 сұрағына байланысты белгілі бір мәтін не карта беріледі

Оқушылар Қазақстан және Дүниежүзі тарихынан әр оқулықта әртүрлі даталар беріледі деп те жатады. Осының алдын алу мақсатында екі жыл қатарынан Ұлттық тестілеу орталығы өз сайтында 100 датаны беріп отыр. ҰБТ-да датаға қатысты сұрақтар берілсе, ол тек сол 100 датадан келеді«, — деді ол. 

ҰБТ кезінде тікелей трансляция жасалады. Руслан Емелбаевтың сөзінше, Қазақстанда 43 аймақтық тестілеу орталығы бар.

«Әрбір ата-ана ҰБТ-ның өту барысын көре алады. Барлық бейнежазба тестілеуден кейін тексерістен өтеді. Бала тест кезінде тәртіп бұзса, нәтижесі жойылады, грант иегері болып жатса да, грантынан айырылады», — деп ескертті ол. 

ҚазҰУ студенттері су мәселесі талқылады

  Қазақстан Республикасының тұрақты даму саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес,...

ҚазҰУ студенттерінің белсенді өмірі

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тек жоғары білім...

ҚазҰУ-сапалы білім берудің үлгісі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстандағы...

ҚазҰУ-еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелейтін оқу ордасы

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) – Қазақстанның...

ҚазҰУ студенттері кедейлік мәселесін талқылады

Кедейлік-жалпыұлттық өзекті мәселе        Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң...