БҚО-дағы су тасқыны: Жайықтағы қазіргі жағдай қандай?

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасып жатқанын мәлімдеді.

«Осы сағатта республика бойынша 31 112 адам өз үйіне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде. 5 677 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 11,7 миллион текше метрден аса еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 миллион қапшық және 1,5 миллион тонна инертті материал төселді», — деді ол.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан аса адам, 4 мың техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылған.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...