Бозымбаев «Алтын Орда» базарына жүргізілген тексеріс туралы айтты

«Алтын Орда» базарында бұзылмаған бірде-бір заң жақ, оның ішінде көші-қон заңнамасы да. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме барысында өңір басшысы Алматы облысындағы «Алтын Орда» базарын тексерістің алдын ала қорытындысына тоқталды.

«Қазіргі Бас прокурор Берік Асылов нақты қарап, мән-жайын анықтап, соған сәйкес тапсырмалар берді және облыстық прокуратураның қамқоршылығымен санитарлық-эпидемиологиялық станция, сәулет қадағалау, жер, экология, салық органдары және т.б. — бәрі тексеруге кірісті («Алтын Орда» базарын — еск.). Қорытынды актілер жоқ, бірақ алдын ала нәтиже бар. Санитарлық, экологиялық, құрылыс және төтенше жағдай нормаларының көптеген заң бұзу дерегі анықталды. Жалпы, бұзылмаған бірде-бір заң жоқ. Соның ішінде көші-қон заңнамасы — жақында тағы бір рейс жасалды, қайтадан заңсыз келген 250 мигрант анықталды. Сондықтан, әрине, бұл базарда тәртіп орнату қажет», — деді ол.

Әкім базарда орналасқан ғимараттардың жартысы заңсыз салынғанын қосты.

«Ешқандай санитариялық талаптар сақталмаған, мигранттар мен гастарбайтер тұратын көп жатақхананың лай суы тікелей өзенге құйылады», — деді Қанат Бозымбаев.

Еске салайық, ақпанның басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге «Алтын Орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырған болатын.

AI-проекты: решение реальных задач

ВТОРОЙ ЭТАП ПРОГРАММЫ AI-SANA – ОДНОЙ ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ИНИЦИАТИВ,...

Когда пенсионные накопления под угрозой 

Согласно статистике Агентства по финансовому мониторингу, в 2025-2026 годах...

Строительный кодекс: семь решений законодателя

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА СТРОИТЕЛЬНОЕ ПРАВО КАЗАХСТАНА ФАКТИЧЕСКИ ВСТУПИЛО...

Уроки духовности

ДУХОВНОМУ И ПАТРИОТИЧЕСКОМУ ВОСПИТАНИЮ КУРСАНТОВ В АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД...

Акцент – на профилактику

О НЕОБХОДИМОСТИ СИСТЕМНОЙ И НЕПРЕРЫВНОЙ РАБОТЫ ПО РЕШЕНИЮ ПРОБЛЕМ...