2022 жылдың наурыз айының 18-інде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) Үржар аудандық №1 пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар үшін Үржар аудандық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды.
Олар онда өңірдің даму тарихын суреттейтін жәдігерлермен танысып, Тарбағатайдың таңбалы тастары, Үржар ауданынының флорасы мен фаунасы, кеңестік кезең жәдігерлері, Кеңес Одағының батырлары, жауынгер-интернационалистердің ерліктері туралы көптеген мәліметтер алды. Музей қызметкерлері музейдің экспозициялық залдары бойынша, музей қорындағы құнды экспонаттар мен музей тарихымен таныстырып, ел тарихына арналған бейнеслайдттар көрсетті. Шара соңында сотталған азаматтар алған әсерлерімен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға мамандар тарапынан өз жауаптарын алды. Үржар аудандық №1 пробация қызметі бөлімінің бастығы Б.Ерденбековтың айтуынша, экскурсия мақсаты сотталғандарға аудан тарихынан мәлімет бере отырып, олардың отансүйгіштігін, патриоттық сезімдерін ояту болып табылады.
Э.МУКИТАНОВА,
ШҚО бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 ПҚБ аға инспекторы,
әділет капитаны