12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Борышкер шетелге шыға ала ма?

Кімге және қандай себептер бойынша шетелге шығу шектелуі мүмкін? БорышкерлертізіміндебарсызбаШетелгешығуалдындаборыштардықалайтексеругеболадыШетелгешығуышектелгенадамдардыңтізімінеқалайтүспеукерекжәнеегерсізборышкерлертізіміндеболсаңызнеістеукерекОсысұрақтарғаоблыстықжекесоторындаушыларөңірлікпалатасыбасшысыныңорынбасарыРасулСеріковжауапбереді.

− Әлемдік тәжірибе, елден шығуға құқықтарды уақытша шектеу айқын нәтижелерге жеткізетін пәрменді шара екенін көрсетеді. Атқару міндеттемелері бойынша қарыздар болғандықтан ұшаққа отырарда шетелге шығуға тыйым салынғанын білу ешкімді қуантпасы анық. Аталған мәселе билеттер, жолдамалар, қонақүйден орын алынған соң, шекара бақылауынан өткенде де кездесіп жатады. Бірақ мұны болдырмаудың жолы бар.

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңның 33-бабына сәйкес борышкер жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы 20 АЕК астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде немесе өндіріп алушының өтініші болса, сот орындаушы көрсетілген адамдардың елден шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы.

Елден тыс шығармаудың басты себебі  − атқару құжаттарын орындамау, борыш, қарыз. Осылайша, егер сіздің мемлекет алдында салық, айыппұл немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгінуге дейін апарған қарыздарыңыз болса, неғұрлым сақ болу қажет. Төлемеуші деп алименттерді немесе жолақы айыппұлдарын төлемеген, сонымен қатар қаланың коммуналдық қызметтеріне қарызы бар адам саналуы мүмкін. Тізімге 700 теңгеден бастап төленбеген шоттары бар және сот осы қарызды өндіру туралы қаулы шығарған адамдар енгізілуі мүмкін.

Шетелге шығу шектелген адамдардың тізіміне азамат сот орындаушысының қаулысы бойынша енгізіледі. ҚР борышкердің шығуына уақытша шектеу туралы сот орындаушысының қаулысы сотпен санкциялауға жатады. Сот санкциялағаннан кейін сіз қаулының көшірмесін аласыз, сондай-ақ оны ҚР ҰҚК шекара қызметі алады, ол сізді қарызыңыздың өтелуі базада расталғанға дейін шекарадан шығармайды.

Дайындаған

Г.МАҚАЖАН

Пациент дәрігерге қаншалықты ерте қаралса буын ауруларын емдеу нәтижесі де жоғары болады

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада күрделі ревматоидты артритпен ауыратын...

Қазақтың ақбас сиырын қайта көбейтуге кедергі жоқ

Қазақ даласында қазір сиырдың небір тұқымын кездестіруге болады. Мал...

Экономикадағы өсім: Статистикалық дектердің мәні неде?

Биыл алғашқы жеті айындаға есепті басшылыққа алсақ, ел экономикасының...

Логика реформ-4: Сильные регионы — сильная нация

Реформы в Казахстане на текущем историческом отрезке отличаются своей...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ «БЕС ЖҰЛДЫЗ» ҮЗДІК БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай...