Борсықтарды қалай өлтіретінін көрдім, болашақта құдаларыма да сатып әпермеймін — Жазира Байырбекова

Жазира Байырбекова борсықтарға зиян келмеу үшін бұдан былай тон кимейтінін айтты. Әнші ханым көпшіліктен кешірім сұрай отыра, өз өтінішін жеткізді, деп жазады stan.kz.

«Осы постым үшін ренжитіндерді де түсінемін. Кешіріңіздерші. Мен енді жануарларды қинап, терісін тірідей сыпырып жасайтын шубаларды сатып алмаймын. Қалай жасайтынын көрсеткен видеоларын көріп жаным ауырып кетті. Тондарға жарнама да жасамаймын. Болашақта құдаларыма да сатып әпермеймін, сыйлыққа да алмаймын. Алланың жан бітіргендерінің жанын қинауға (тамшыдай болса да) үлес қосқым келмейді. Маған қосылатындарыңыз бар ма? Репост жасап үлес қосам десеңіздер де қарсы емеспін», — деп жазды Байырбекова.

Желі қолданушылары әншінің сөзін қолдады.

«Енді үстіңіздегі киімдердің бәрінің құрбаны бар емес пе түйе, қойдың жүні, андатор, түлкі тымақ, қате пікір емес пе?», «Адамдар ақша үшін өз туған жерін, елін сатып жатыр. Ал сіз жануарларды аяп отырсыз. Бірінші еліміздің елеулілері ашқарақтығын қойса, жануарлар жағы да жауапты іс болар еді», «Кейде қолың жетпей жүрген дүниенің де қайыры бар болғаны да», «Аллаһ Тағала төрт түлік малды адам аштан қалмасын деп жаратты деп ойлаймын», «Түйе мен қойды адам бауыздап сояды, етін жейді, терісін пайдаланады, борсықтарды аяусыз өлтіреді. Ол дұрыс емес», — деп жазды олар.

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСӘЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....