Болашақ түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысы

Болашаққа қадам басқан түлектерге бағыт-бағдар беру мақсатында, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №49 мекеме қызметкерлері Балқаш ауданының оқушыларына кәсіби бағдар беру жиынын өткізді. Бақанас ауылындағы №5 мектептің түлектері Бейсекбаева атындағы мектеп-гимназиясына жиналып, 350-ден астам оқушы мамандық таңдау жөнінде маңызды ақпарат алды.

Сонымен қатар, Бақбақты ауылындағы 3 мектеп, Арна ауылындағы мектеп, Қонаев кәсіби мектебі және Жаркент қаласындағы Б. Момышұлы атындағы мектептен келген 500-ге жуық түлектерде осындай шараға белсенді қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітірушілерге Қостанай ІІМ Академиясына оқуға түсуге бағдар беру, әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін түсіндіру. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпарат алды.

Бұл кездесулер көптеген түлектердің мамандық таңдауына оң әсер етіп, олардың сенімді шешім қабылдауына көмектесті.

Толебийский районный суд переехал в новое современное здание

▪️В Туркестанской области в рамках государственно-частного партнерства завершено строительство...

Кассациялық сот сатысы 

Кассация -латын тілінің quasso – талқандаймын, қиратамын, cassatіon – жою,...

Апостиль түсінігі және қолдану тәртібі

Халықаралық қарым-қатынастардың көптеп дамуына байланысты, бір мемлекеттің сот органдарынан...

Республика күні – тәуелсіздіктің темірқазығы

Республика күні халқымыздың тарихындағы айрықша маңызға ие, мемлекетіміздің қалыптасуы...