12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Болашаққа бастар бағытымыз да, мақсатымыз да айқын

Тәуелсіздікті аңсаған еліміздің түпкі мақсаты 1991 жылдың 16-жетоқсанында орындалып, бүгінде мемлекетіміз өзін әлемге танытты. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы қабылданды. Аталған заңмен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет билігі – заңдық, атқарушы және сот билігі принципін басшылыққа алатыны нақтыланды. Тәуелсіздік таңы бізге оңайлықпен келген жоқ. Бұл жолда небір қиын-қыстау кезеңді бастан кешіп, қаншама азаматтарымыз өз өмірлерін құрбандыққа шалды. Олардың ерліктері мен есімдерін ешқашан да ұмытылмайды. Тұңғыш Президенттің осы тұрғыда айтқан «Қазақтың қансыраған кездері болды, бірақ, қаза болған жоқ, есеңгіреп соққы алған кездері болды, бірақ, есінен адасқан жоқ, сүрінген кездері де болды, бірақ, сұлаған жоқ» деген сөзі тарихта мәңгі қалмақ. Бұл Елбасы тарапынан берілген халқымыздың азаттық-тәуелсіздік жолындағы өткені мен бүгінін айқын суреттейтін сарабдал баға десек артық айтқандық емес.

Отыз жылға жуық уақыт ішінде елеулі табыстарға қол жеткізсек, соның бәрі береке-бірліктің арқасы. Тәуелсіздігімізге бір жыл толғанда Қазақстан 56 елді біріктірген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды. Мемлекетіміз ТМД елдерінің ішінде бірінші болып 2010 жылы осы ұйымға төрағалық етті. Бұл біздің жас республикамыз үшін үлкен жетістік болды. Мемлекетіміздің басты құндылығы адам және оның өмірі мен құқықтары, бостандықтары екені елдігімізді айқындайтын Конституциямен кепілдендірілді. Еліміздің Тіл туралы заңы қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып жарияланды. «Тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма?» деген Елбасы астананы Алматыдан Сарыарқаға көшірді.

«Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында болашаққа болжам жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерекшеліктері айқындалды. Тұңғыш Президенттің тікелей бастамасымен сот саласында да орасан шаруалар атқарылды. Сот жүйесінің қазіргі жоғары көрсеткіштері мемлекетті демократиялық тұрғыдан дамытудың әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңару мен заң беделінің биік деңгейін айқындайды. Сала жұмысы заман талабына сай жетілдіріліп, тың реформаларды жүзеге асырды. Бүгінде салаға ендірілген жаңа технологиялар ашықтықты арттырып, соттардың тәуелсіздігін одан әрі нығайттты. Тарихымыздағы билер сотында бітімгершілік маңызды рөл атқарған. Халқымыздың «Өсер елдің арманы бітпес, өспес елдің жанжалы бітпес» — деген аталы сөзін еліміздің әрбір азаматының өмірлік қағидасына айналдыру мақсаты көзделуде. Соған орай ҚР Жоғарғы Соты татуластыру институтын жылдан-жылға жетілдіруде. Сот істерін тиімді шешудің жаңа тетіктері қалыптасты.

Еліміздің болашаққа бастар бағыты да, мақсаты да айқын. Конституциялық реформалар жасалды, көптеген заңдар жаңарды, рухани жаңғыру жолына түстік. Соттардың ең басты міндеті – сот төрелігін уақтылы әрі сапалы түрде жүзеге асыру десек, айтып отырған оң қадамдар соның жарқын көрінісі.

Тәуелесіз ел ұрпақтары өсіп-жетілді. Олар мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне жаңаша серпін, жаңа көзқараспен келді. Егемен еліміздің әділ сот жүйесіне деген жұршылықтың жоғары сеніміне ие болу жолындағы еңбегіміз жемісін бергей.

Гаухар Қасымбаева,

Медеу аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Еліміздің Ата Заңына 30 жыл!

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қарамола ережесі: Абайдың әділетпен өрілген аманаты

Бүгінгі мақаламда, ұлы ақын, ойшыл ғалым, әрі ағартушы Абай...

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...