12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Болашақ тәртіп сақшылары кибер қауіпсіздік бойынша халықаралық тәжірибемен танысты

Алматы академиясының курсанттары бүгінде ірі білім беру және кәсіби алаңдардың белсенді қатысушыларына айналып келеді. Болашақ офицерлер үшін мұндай іс-шаралар қоғамның даму бағытын көріп, ел алдында тұрған жаңа сын-қатерлерді түсіну үшін жақсы мүмкіндік.

Жуырда олар Алматыда өткен KazHackStan 2025 халықаралық конференциясына қатысты. Аталған форум киберқауіпсіздік саласындағы жүздеген мамандарды жинады. Қатысушылар қатарында қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ ғылыми қауымдастық болды.

Бірнеше күнге жоспарланған конференция бағдарламасы кең тақырыптарды қамтыды: мемлекеттік құрылымдар мен жеке компанияларға төніп тұрған киберқауіптерден бастап, азаматтардың дербес деректерін қорғауға дейін. Алғашқы күн ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік және корпоративтік саясат мәселелеріне арналды.

Академия курсанттары деректердің таралуы мен IT-жүйелердегі әлсіз тұстарға қатысты нақты тәжірибелерді тыңдап, хакерлік шабуылдарға қарсы іс-қимылдың заманауи тәсілдерімен танысты. Сарапшылар ерекше атап өткендей, елдің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде білікті мамандардың рөлі шешуші мәнге ие.

«Бүгінгі күні қылмыспен күрес дәстүрлі шеңберден әлдеқайда асып түсті. Киберқауіптер офлайн құқықбұзушылықтардан кем түспейтін деңгейге жетті. Біздің курсанттар үшін құқық пен жедел жұмыстың негіздерін меңгерумен қатар, цифрлық процестерді түсіну, жаңа қатерлерді айыра білу аса қажет. KazHackStan конференциясы оларға озық тәжірибемен танысып, кәсіби көкжиегін кеңейтуге үлкен мүмкіндік берді», – деді ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ержан Бимолданов.

Конференция сессиялары аясында мастер-класстар, тәжірибелік тренингтер мен халықаралық тәжірибелерді талқылаулар өтті.

Алматинская молодежь поддержала проект новой Конституции

Молодежь Алматы высказалась в поддержку проекта новой Конституции В комьюнити-центре...

Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Алматы қаласының Әуезов ауданындағы комьюнити-орталықта Қазақстан Республикасының жаңа Конституция...

Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл

Қазақ халқының рухани қазынасында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың...

“EGOVKZBOT” TELEGRAM-БОТЫ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІҢ ТИІМДІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛЫ

«EgovKZBot» Telegram-боты – азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты...

Мұқағали Мақатаев және ана тілі: 95 жылдың мұра

Биыл қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, халық ақыны Мұқағали Мақатаевтың...