12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Болар шаққа бір қадам

Мектеп жасына жеткен балалар талдай болып мектеп табалдырығын аттайды.Кейіннен 11 жылды артқа тастап, оқушылық өмірмен, бір үйдің баласындай болып кеткен мектептік достармен, алғаш әліппені оқытып, әріп танытқан ұстаздармен қош айтысады.Студент атты лауазымға ие болады.Жаңа өмір, жаңа орта, жаңа таныстықтар, жаңа достар.Едәуір есейіп, өз өміріне жауапкершілікпен, аса тиянақтылықпен қарай бастайды.Жаңа білім ордасы, оқу техникасы мүлдем бөлек, әр өңірден жиналған, түрлі мінезді, түрлі ұстанымдағы адамдармен уақытыңның көп бөлігін өткізу алғашқыда қиынға соғады.Әсіресе өз қаласынан өзге қалаға оқуға түскен студенттер ата-анасынан жырақта қалғандай күй кешеді.Шындығында-балапан ұясынан алғаш ұшқанмен тең.Оқушы кезде отбасың жаныңда, бар дәмдіні, бар тәттіні аузыңа тосады,”Не киемін, не жеймін?”,-деген уайым жоқ.

Студенттік өмір парақтары ашыла салысымен бөлек сезімді бастан кешесің.Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін өмір басталады.Оқу жағынан, қаражат жағынан кедергілер, үйің мен отбасыңа сағыныш сені беки түседі.Дәл осы сәтте өзіңді ересек адам ретінде сезініп, түсіне бастайсың.

Ата-ана қалтасына ауырлық салмас үшін жұмысқа тұруды көп студенттер ойға алады.Жұмыс іздеген жұрт көп пайдаланатын Rabota.nur.kz сайтының маркетинг және PR бөлімі қызметкері Даниил Гаянцевтің дерегінше, қазіргі кезде сайтта жұмыс іздеп тіркелген 163 мыңға жуық адам өзін студент деп көрсеткен. Студенттердің көбі сауда менеджері, бухгалтер, офис-менеджер, сатушы- кеңесшінің жұмысын іздейді. Сауда өкілі, клиентпен жұмыс істейтін менеджер, көлік жүргізуші, заңгер, кассир, даяшы сияқты жұмыс іздейтіндер де бар.Дәл сондай жандардың бірі

1-курс студенті Айсәуле Арманқызы.Айсәуле мейрамханаларда сенбі-жексенбі күндері даяшы болып жұмыс жасайды.Оның пікірінше::”Үлгеремін деген адам бәріне үлгереді.Сабағыма ешқандай кедергісін келтірмейді, оқу күндері үй тапсырмаларының барлығын орындап тастаймын.Алданып қалмас үшін әрине, сақ болу керек.Менің басымда ондай жағдайлар өткен жоқ.Мейлінше  таныстарыммен жұмыс жасауға тырысамын”,-дейді.

3-курс студенті Ақжол Шыныбай SMM саласында жұмыс жасайды.Өз сөзінде:”1 курстан бастап осы салаға қызыға бастадым , 2 курстан бастап жұмысқа кірістім.Сабақ пен жұмысты қатар алып жүру қиынға соқпайды.Тек уақытты  дұрыс жоспарлап, фокус қоя білу керек.Мен студенттердің жұмыс жасауын қолдаймын.Алайда, өзі IT саласында білім алып, даяшы қызметін атқарғаны дұрыс емес.Соның салдарынан елімізде сапасыз мамандардың саны артып отыр..Универде алған білімді практикада қолдана жүріп, іске асыру қажет деген ойдамын.Болашақта өз салаңа байланысы жоқ іспен айналысып, уақытты текке кетірмеу керек.”-деп өз ойымен бөлісті.

Атам үнемі айтып отыратын, “Студенттің бос уақыты болмау керек”,-деп.Жасөспірім кезде басым  уақытты оқу оқып, білім алуға жұмсауды меңзей айтылған сөз тіркестері.Оқуыңда озат болып, көптің бірі болмай жүрсең, ата-анаға жемісіңді жегізу керемет сезім деп білемін. Жастайынан еңбекқорлыққа баулып өсіргеннің де пайдалы тұстары өте көп.Адамдармен араласуды, жаңа ортаға тез сіңісуді, қаржылық сауатыңды ашуға үлкен ықпалын тигізеді.Еңбекпен келген нан-әрдайым дәмдірек.Ақшаның қандай еңбекпен табылғанын білу-оңды-солды жұмсамаудың көрінісі.

  Нұрайлым НҰРМҰХАНБЕТ,

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар

Университетінің 1-курс студенті

                                                                                

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...

Памяти творческого пути

В Кызылорде рамах года «Руханият» состоялся онурс жыршы «Терме...

Расплата за доверчивость

Сотрудники правоохранительных органов предупреждают: ели раньше на удочку кибермошенников...

Соответствовать требованиям времени

Советхан Сакенов, судья Алматинского городского суда в почетной отставке,...

Живой товар: трагедия современного мира 

Со всем мире современное общество сталкивается с вызовами, связанными...