Бокстан Әлем біріншілігінде тағы екі отандық спортшы ширек финалға жолдама алды

Отандық боксшы қыздар Карина Ибрагимова (57 кг) мен Алуа Балқыбекова (48 кг) Түркияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Карина Ибрагимова 1/8 финалда испаниялық Дженнифер Ромероны айқын басымдықпен жеңді. Есеп — 5:0. Енді алда ол Валерий Ерошенко (Украина) – Микаэла Уолш (Ирландия) кездесуінен кейінгі жеңімпазбен қолғап түйістіреді.

Тағы бір спортшымыз Алуа Балқыбекова сербиялық Снежана Сильковичті ұтып, ширек финалға жолдама алды. Есеп — 5:0. Бұдан кейін ол Үндістан өкілімен бақ сынасады.

Бұған дейін Валентина Халзова (70 кг) мен Гүлсая Ержан (81 кг) 1/4 финалға жолдама алған болатын. Сондай-ақ, екі қазақстандық спортшының ширек финалға шығу мүмкіндігі бар: Дина Жоламан (54 кг) мен Жайна Шекербекова (52 кг).

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...