Бюджеттік бағдарламалар лимиті айқындалды

Жыл сайын ел бюджетінің қыруар қаржысы игерілмей жататыны бүгінде қалыпты жағдайға айналған. Бұл үрдістің кейбір бюджет әкімшілерінің жауапсыздығы, жоспардың дұрыс жасалмауы, қаржы бөлудегі шалағайлықтар секілді себептері бар. Ол жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Осындай олқылықтарға жол берген шенеуніктерге шара қолдану мәселесі де көтеріліп, олардың жауапкершілігіне қатысты нақты жазалар да белгіленген.

Әйтсе де қаржының толыққанды, мақсатқа сай игерілмей қалуының обьективті себептері де бар. Ол былтырғы жылғы жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айрықша тоқталған бюджет процесінің тым күрделілігі және қаржыны бөлу, игеру үрдістеріндегі әміршіл-әкімшілік әдістердің көптігі. Осының салдарынан мысалы наурыз айында бөлінген қаржыны алу үрдісі қыркүйек айына дейін созылып кететін жағдайлар бар. Мұның зардабы, негізінен Ұлттық даму жоспары бойынша айқындалған жобаларға тиіп жатады. Осынау елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын шаралар, кейде бір ғана актіге қол қойылмауы салдарынан ақырына жетпей қалады. Ал оны ары қарай жалғастыру үшін келер жылғы бюджетте қаржы қайта қарастыру, бөлу секілді шаралардан өту керек болады. Ұлттық экономика министрлігі Президенттің тапсырмасы бойынша бұл үрдісті жеңілдетудің жолын тауыпты. Өткен жұмада құзырлы орын өкілдері осы жаңалығымен Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің депутаттарымен бөлісті.
Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, блоктық бюджет деп аталатын бюджеттің бұл түрі Сингапур елінің үлгісі екен. Ол бюджетке берілетін шығыстардың лимиті деп аталады. Алайда, толықтай көшірілмей, өз еліміздің қаржылық-экономикалық ерекшелігіне сай тек кейбір элементтері енгізіліпті. Бұл жүйеде қаржы сұраған бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шығыстардың лимиті беріледі. Олардың көлемі тұрақты болады.
Жалпы, жаңа үлгі бойынша бюджеттің төрт тобы анықталып отыр. Біріншісі, жылда берілетін жалақы, жалпы сипаттағы трансферттерге берілетін шығыстар, субсидияларды қамтиды. Олардың көлемі көп өзгермей сақталады. Екінші блок, былтыр Бюджет кодексіне енгізілген – ұлттық жобалар. Бұл осы блоктағы бюджетті жоспар­лаудың басым бағыты болып табылады. Мұндағы мақсат ұлттық жобалары қаржыланыру үдерісін ашық ету үшін оның шығыстарының лимитін нақты айқындау. Ұлттық жобалардың қатаң бақылауда болатын – әдістемесі және нақты тізімі бар. Сондықтан осы шығыстар сол әдістеменің аясында жоспарланып, игерілетін болады. Үшінші блогы, Президенттің тапсырмасы бойынша қалыптастырылған қаржы резерві. Екі жылдан бері осы үшінші блок Президенттің тапсырмаларын қаржыландыруға бағытталып келеді. Төртіншісі, үшеуіне де кірмеген шығыстарды қамтиды. Бұл, өткен жылы бюджеттік кодекске енгізілген контрациклдық бюджет ережесіне сай қалыптастырылады. Әмрин мырзаның айтуынша, 2023-25 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде шы­ғыстардың көлемі жалпы ішкі өнімнің соңғы он жылдағы өсу қарқыны мен инфляцияның дәлізі негізінде белгіленеді. Осыған орай, бұрын жалпы шы­ғыстардың өсу көлемі дағдарыс жағда­йындағы тұрақсыздыққа байланысты бір жылдары 17-18 пайыз, келесі жылы 19 пайыз болып отырса, енді нақты ереже бойынша белгіленген бюджет шығысының көлеміне сай айқындалады. Сондықтан осы бағытта лимиттердің блогын тұрқтандыру маңызды болып отыр. Сол себепті төртінші блок – контрциклдық бюджеттік ереже бойынша анықталатын болады.
Жалпы бюджет процесі бұған дейінгі жүйеде қалады. Әрбір бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бюджет кодексі бойынша жоспарлауға, игеруге мониторинг жасауға, бағалауға жауапты болады. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері өздерінің даму жоспарларына байланысты бюджеттік өтінімдерін, бюджет жобасына кірген шығыстарының көлемін Парламент палаталарында қорғайды. Мұндағы басты өзгеріс еркін индикатор тетігінің енгізілуі. Әмрин мырзаның сөзінен түйгеніміз, қазіргі таңда Бюджет кодексінде бюджеттік әкімшілер түпкілікті нәтижеге жетпесе бірден жауапкершілікке тартылады. Шын мәнінде, кейбір ұлттық жобалар белгіленген индикаторларға әлдебір актіге қол қойылмаудың салдарынан жетпей қалуы мүмкін. Ал, ақша бар. Осындай жағдайда жұмысты тоқтатпай келесі жылы да жалғастыру үшін бюджеттік әкімшілерге еркіндік қажет. Аталмыш индикатор осы тұрғыда тиімді тетік болады. Яғни, сол арқылы ұлттық жоба тоқтамай, келесі жылы да жалғасуға мүмкіндік алады. Бұл ретте қалған қаржы көлемі 20 пайыз деңгейінен аспау керек. Олардың жұмсалуы заңнамалық актілерде көрініс тапқан ережелер негізінде қатаң қадағаланып, егер үш жыл ішінде индикатор қамтамасыз етілмесе, тиісті шаралар қолданылатын болады. Олар әкімшіліктен бастап, қылмыстық жазаға дейінгі жауапкершілікті қамтиды. Бұл жүйенің енгізілуі бюджеттің қайта-қайта нақтылануы сынды қосымша шараларды қабылдауға деген қажеттілікті жояды деген сенім бар. Үкімет блоктық бюджет шарасын құқықтық тұрғыда негіздейтін өзгерістер топтамасын маусым айында Парламентке енгізбек. Ол қыркүйек айында талқыланып, қабылданатын болса, 2023–2025 жылдарға арналған бюджет осы бағытта қалыптастырылады.
Сенаторлар бұл өзгеріске қарсылық білдірмеді. Жиында сөз алған халық қалаулыларының бірі Нұрлан Бекенов блокқа бөлінетін бюджеттің негізгі қағидаты – бюрократияны барынша азайту, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне қаражатты қайта бөлуде еркіндік беру және ұзақ мерзімді мақсаттарға баса назар аудару екенін атап өтті. Бұл жүйе әрбір министрліктің көп жылғы шығыстар жоспарына негізделуі тиіс, ол бойынша қаражат стратегиялық бастамалар арасында өздігінен қайта бөлінетін болады. Яғни, жүйе министр­ліктер мен мекемелерге бюджетті дербес басқару құқығын беретін болады. Ол сонымен қатар қазіргі уақытта блоктық бюджеттің жекелеген бөлшектері ғана енгізілетінін, ол үшін бюджеттік бағдарламаларды айтарлықтай ірілендіру, сондай-ақ, бюджетті блоктар бойынша қалыптастыру керектігін атап көрсетті. Шығыс лимитінің көлемін айқындау, бюджетті қалыптастыру және қаржыны басқару тәсілдерін қайта қарау қажет.
Кездесуде Есеп комитетінің өкілдері де өз ұсыныстарын білдірді. Ондағы ұсыныстардың қатарында тексеру комиссияларына республикалық маңызы бар қалалар, облыстар және қалалар бюджеттерінің жобаларына алдын ала бағалау жөніндегі функция беру туралы да айтылды.

А.Тұрмағанбетова,
«Заң газеті»

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.