Бізге бүкіл әлем көз тігіп отыр

Бүгінгі республикалық референдумда ел алдында жүрген танымал азаматтар – өнер адамдары, спортшылар, қоғам қайраткерлері белсенділікпен дауыс беріп жатыр. Солардың бірі – танымал әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құдайберген Бекіш.

Талғар ауданы Бесағаш ауылдық Мәдениет үйінде дауыс берген әншіден референдум жайлы бір-екі ауыз пікір білдіруін өтіндік.

– Біз, өнер адамдары – ылғи ел алдында жүрген азаматтармыз. Сол себепті өзіміз де, сөзіміз де, айтқан пікірлеріміз де әрқашан жұрттың аузында. Өз басым Жаңа Конституция жобасын толық оқып шықтым. Мемлекет дамуының басты құқықтық құжаты ретінде мұнда қолданыстағы Ата Заңға салыстырғанда көптеген өзгеріс бар.

Енді осы Жаңа Конституция жобасының қабылдануы – бүгінгі референдум нәтижесіне байланысты. Бұл тұрғыда бізге тек өз еліміздің халқы ғана емес, бүкіл әлем көз тігіп отыр. Тіпті бұл референдум біздің ойы озық, саяси ұстанымы берік ұлт екенімізді айқындайтын сәт деуге болады. Сол себепті де мен саналы түрде дауыс беруге келдім. Мұндай кезде еліміздің кез келген азаматы шет қалмауы керек, – деді әнші.

Құтмағамибет ҚОНЫСБАЙ

Қазыбек Иса: Теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салатын уақыт келді

«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Исаның Бас прокурор...

Жаңа технология отандық сотты жаңа биікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Цифрландыру және жасанды...

​ҒЫЛЫМҒА СЕРПІН БЕРГЕН ОНКҮНДІК

2026 жылы 1 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...

Когда справедливость требует времени

Вопрос справедливости судебного решения редко заканчивается на первой или...

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...