12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Біздің мақтаныштарымыз

Әлемдегі ең ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын «Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал, Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым» десе, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»  деген екен. Ұстаз үшін бұдан артық баға жоқ шығар, сірә.

Ұстаз жайын  әңгіме етіп отырғанымыз, ұлағатты ұр­пақ тәр­биелеуде ата-ананың ғана емес, сонымен қатар, ұстаздың да орны бөлек.  Қоғамымызда осынау ұлы құрметке дақ түсірмей, өз мамандығының шыңына шыққан педагогтар жетерлік. Олардың шәкірттері мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, барлық салада абыроймен қызмет етуде. Біз солардың ішінде заңгерлерге тоқталғымыз келіп отыр. Өйткені, заң кез келген мемлекеттің тірегі. Заңы үстем елдің болашағы әрқашан да жарқын болмақ.

Кеңес тұсында заңгерлер Қазақстанның екі-ақ оқу орнында дайындалды. Соның бастысы әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Аталған университеттің заң факультетінде қазақ заң ғылымының корифейлері дәріс оқып, сан мыңдаған шәкірт тәрбиеледі. Олардың қатарында есімдері тек елге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге танымал С.Зиманов, Ғ.Сапарғалиев, Т.Культелеев, К.Абжанов, С. Сартаев, Қ.Халиков, А.Ағыбаев сынды көптеген заңгер ғалымдар бар.

Бұл кісілердің өмір жолы, ел мен жерге, отанға деген сүйіспеншіліктері ғасырдан-ғасырға жетерлік өнеге. Мәселен, отандық заң ғылымының негізін қалаған тұңғыш академик, халқымыздың біртуар тұлғасы Салық Зиманов Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясының заң саласындағы тұңғыш академигі. Ғалымның 1991 жылы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заңын, 1993 жылы тәуелсіз елдің тұңғыш Конституциясын қабылдаудағы еңбегі құрметпен аталады.

Ұстазынан өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез – келген шəкірт онымен мақтанады. Осы ретте ғалымның ұстаздық бітім-болмысын шәкірті, заң ғылымының докторы Есберген Алаухановтың  «Салық Зиманов жалғыз менің емес, бүкіл Қазақстан заңгерлерінің атасы, патриарх ұстазы» деген сөзі толық аңғартып тұр.

Ал академик С.Сартаев Қазақстанның тәуелсіздігін дүние жүзіне паш еткен заңгер. Бір сұхбатында ғалым бұл туралы ойын оқырмандармен «Парламент трибунасына шығып, еліміздің тәуелсіздігін дүние жүзіне жариялауым мәңгілік есімде қалды. Өйткені, менің тағдырыма 194 мемлекеттің тәуелсіздігін жариялаған 194 адамның біреуінің орны бұйырды. Бұл әрбір жанның маңлайына жазылмайтын ұлы іс» деп бөліседі.

Заң факультетінің ғылыми беделі өзге оқу орындарынан оқ бойы озық тұр. Бұл факуьлтетте Қазақстанның ең мықты заңгер ғалымдарының қолтаңбасы бар. «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйрету» демекші, жоғарыда аты аталған заңгерлердің терең білімі, біліктілігі мен шешендігі, еңбектері заң саласының құпияларын терең біліп, зерттеуге жол ашты. Ғылымға шын берілген осындай тұлғалардың еңбегі қазақстандық заңгерлерді кәсіби тұрғыда шыңдағанын мақтанышпен айтамыз.

Айнұр Урисбаева,

Әл Фараби атындағы  ҚазҰУ-дің

заң факультеті Азаматтық құқық және

азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы

кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м.

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...