12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Біздің заңдарымыздың шетел заңдарынан айырмашылығы жоқ

Қазақстан Республикасы Судьяларының VIII съезі де өз мәресіне жетті. Бұл басқосудың өткен жиындардан ерекшелігі халықаралық деңгейде онлайн-режимде өтті. Алқалы жиынға шетелдік соттардың төрағалары мен судьялар, сарапшылар, т.б. қатысып, қазақстандық сот жүйесінің даму жолымен танысты және өздерінің оң бағаларын берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде соттар мен құқық қорғау органдарына, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды. Енді соларға шолу жасасақ, мысалы, біздің заңдарымыздың дамыған елдер заңдарынан айтарлықтай өзгешілігі жоқтығын, бар айырмашылық – оны түсіну және қолдану тәсілінде екенін жеткізген президент «Дамыған мемлекеттер сот жүйесін реформалау барысында басқару ғылымын ұтымды пайдаланады. Барлығы да адамға қолайлы болуы үшін жасалған. Біз нақты іске келген кезде, әсіресе, сақтыққа бой алдырамыз. Тіпті, өкілеттік үшін өзара талас жүріп, игі бастаманың берекесі кетіп қалады. Соның салдарынан елеулі өзгеріске қол жеткізе алмай отырмыз. Ал, азаматтарға, қоғамға нақты нәтиже керек. Сондықтан, сот жүйесін түбегейлі қайта құру ісіне және оны сапалы жүзеге асыруға баса мән берген жөн»-деді.

Президент көтерген тағы бір мәселе, соттарға БАҚ-тар мен әлеуметтік желілердің әсері, яғни, іс сотқа жетпей жатып, кейбір журналистер мен блогерлердің жағдайды ушықтырып жіберетіні. Мұндай жағдайға құқық қорғау органдарының да кінәсі барын ашып айтқан Қасым-Жомарт Кемелұлы сотқа қысым жасау заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертті. Съезде негізінен сала жұмысын өркениет көшіне сай дамыту, судьялардың жауапкершілігін арттырып, тәуелсіздігін одан әрі нығайту, кейбір қылмыс түрлеріне берілер жазаларды барынша қатайту, судьялыққа кандидаттарды іріктеу шараларын күшейту сынды өзекті мәселелер ортаға салынды.

Мемлекет басшысы бізге де дамыған мемлекеттердегі сияқты судьяларға қойылатын талаптардың ең жоғары тәжірибесін алуды ұсынды. Мәселен, озық елдерде судьялыққа үміткерлердің өткен өміріндегі болмашы жат қылықтары мақсатына жетуге кедергі болады. Осы тұрғыда Жоғарғы Сот кеңесіне судьяларды іріктеу мен дайындау міндеттерінің сапалы орындалуы тапсырылды. Кәсіби сот қалыптастыру жолында ең бірінші кезекте адам құқықтары мен заң үстемдігіне мән беру судьялар қауымының басты міндеті екені де нақтыланды. Соттар тәуелсіздігі өлшемі бойынша 71-ші, ал,заң үстемдігі индексі бойынша 62-орынға табан тірегеніміз съезд барысында жария етілді.

«Сот жүйесінің бүгінін бағалап, келешегін айқындау үшін бұл шараның маңызы өте зор» деген ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асанов «Сот жүйесі жаңа кезеңге қадам басты деуге болады. «50 жылда ел жаңа» демекші, қоғам тез өзгеруде. Сот та заманға қарай өзгеру керек екенін түсінеміз» деді. Пандемеялық жағдайға байланысты бүгінде ел соттары күніне 4,5 мыңға дейінгі істі қашықтықтан қарап жатқанынан көпшілікті хабардар еткен Бас судья заман талабына сай, жаңарған қазақстандық сот бейнесінің

жетістіктерін паш етті. Осы тұста айта кетерлігі, мемлекет басшысы судьялыққа үміткерлерді іріктеуде озық тетіктердің ендірілуінде Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың еңбегін жоғары бағалап, салада атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың оң нәтижесін одан әрі жалғастыра беруді тапсырды.

Съезд делегаттары, әріптестеріміз Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов пен Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық сотының төрайымы Татьяна Курынованың ұсыныстары, мысалы, Б.Кәрібжановтың апелляцияның әлеуеті және соттарды қаржыландыру туралы, ал, Т.Курынованың қылмыстың кейбір түрлері бойынша жазаны қатаңдату жайлы ойлары көп көңілінінен шықты деуге толық негіз бар. Съезде айтылған әрбір ой-пікір, көтерілген бастама, ұсынылған ұсыныстар мен президент тарапынан берілген тапсырмалар еліміздің сот саласының болашағын бүгінгіден де жарқын етері хақ.

 

Мұрат Хожабергенов,

Жетісу аудандық сотының төрағасы

Алматы қаласы

Шынайы ақпарат сенімді нығайтады

Кез келген мемлекетте бұқаралық ақпарат құралдарының ролі зор. Өйткені,...

Тәуелсіз кассациялық соттың құрылуы сот төрелігінің сапасын арттыруға ықпал етеді

Кассациялық сот-бұл сот істері мен материалдарын кассациялық сатыда қарастыратын...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен дамуы

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігін айтпаса...

Алқабилер сотының артықшылығы көп

Тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық стандарттар негізінде адамдардың құқықтары...