Бізде намазға қарап өлшейді. Намазхан болса қайтейін? — Қайрат Әділгерей

Қайрат Әділгерей қоғамда намаз оқитындарға деген көзқарастың ерекше екеніне қынжылды. Актердің пайымынша, адамның намаз оқығанына қарап адамгершілік қасиетін бағалауға болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әділгерейдің сұхбатынан үзінді желіде қызу талқыға түсті. Онда актер: 

«Бізде намазға қарап өлшейді адамгершілік қасиетін. Ол екі жыл бұрын бастаған шығар намазды, бәлкім. Оған дейін кім болды? Білмейміз. Көмектесіңізші, намаз оқитын еді дейді біреулер. Намазхан болса қайтейін?, —  дейді.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Алғашқы топ актердің пікірімен келіссе, екіншілері дінге бет бұрған адамның өзгелерден бір саты жоғары тұратынын атап өтті. 

«Алысқа апармайтын қате пікір. Дін адамгершілікке үйретпейді деп кім айтты?», «Әркім өзі үшін оқиды, оны талқылаудың қажеті жоқ. Бәлкім түзелейін деген шығар, егер сен оқымасаң, ол адам сенен артық», «Ақталуға көбірек ұқсайды», — деп жазды оқырмандар.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...