12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БІЗ ЖЫЛУ СЫЙЛАЙМЫЗ

Бүгін Қызылорда қаласындағы №1 ХҚО бөлімінің келушілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айдын Қайруллаев қызмет көрсетті. Сонымен қатар, дүниеге енді келген сәбилерінің туу туралы куәлігін алуға келген ата-ананы, мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан Болатбек Қалиұлы мен 16 жасқа толып, алғашқы жеке куәлігін алған Ұлтайды салтанатты түрде құттықтап, сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, бүгінде Азаматтарға арналған үкімет қызмет көрсету тәсілін өзгертуде. Мәселен, ХҚО мамандары алғаш жеке куәлік пен төлқұжатын, жүргізуші куәлігі мен сәбилерінің алғашқы құжатын алған, зейнетке шығып жатқан келушілерді өміріндегі ұмытылмас сәттерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіруде.

«Бұл жерде сыйлықтың көлемі немесе бағасы маңызды емес. Бастысы шын көңілден болуы. Біз үшін қызмет алушының ризашылығы қымбат. Әрдайым бір-бірімізге жылу сыйлап, қуантып жүрейік!» — деді, Айдын Бөкенбайұлы.

Мемлекеттік қызметте 30 жылға жуық еңбек еткен Нұрлыбаев Болатбек зейнеткерлікке байланысты құжаттарын реттеуге ХҚО-ға келген. Ол мемлекеттік қызмет көрсету саласында мұндайды бірінші рет кездестіргенін жасырмады: «Құрметті демалысқа шығуыммен құттықтап, құрмет көрсетіп жатқандарыңызға үлкен рахмет, ерекше әсер алдым. Мемлекеттік қызмет көрсетуде ең алғаш болып осындай ілтипат көрсетіп жатқан ұйым сіздер ғана деп білемін. Бұл қуанарлық жайт».

Естеріңізге салайық, қызмет көрсетудің жаңа дәстүрі осы жылдың қыркүйек айынан басқарма төрайымы Әсемгүл Серікқызының бастамасымен бастау алған болатын. Енді осы аптадан бастап, #Бізжылусыйлаймыз жобасы аясында ХҚО-да Азаматтарға арналған үкіметтің облыстағы филиал директорынан бастап орынбасарлар мен басқарма, бөлім басшылары келушілердің өміріндегі ең маңызды сәттерінің куәсі болып, жылы лебіздерін білдіретін болады.

 

Миротворческие инициативы

В Национальном военно-патриотическом центре Вооруженных сил состоялась рабочая встреча...

Энергетический кластер экономики

Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял министра энергетики РК Ерлана...

Экология и природные ресурсы

ПРАВИТЕЛЬСТВО В ЛИЦЕ МИНИСТЕРСТВА ЭКОЛОГИИ И ПРИРОДНЫХ РЕСУРСОВ ВЕДЕТ...

Эффективная коммуникация – залог доверия

В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ, ГДЕ КОНФЛИКТЫ СТАНОВЯТСЯ ВСЕ БОЛЕЕ СЛОЖНЫМИ,...

Время исправлять ошибки 

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КАЗАХСТАНА ОЛЖАС БЕКТЕНОВ РЕЗКО РАСКРИТИКОВАЛ РАБОТУ ЦЕНТРОВ ОБСЛУЖИВАНИЯ...