12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Біз өз мүмкіндігімізді пайдалануымыз керек» – Берік Уәли

Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз халқымен кездесуде «Аягөз-Бақты» теміржолы мен осы жобада жұмыс істеп жүрген шетелдік мамандарға қатысты түсінік берді.

«Қытайдан қашудың керегі жоқ. Қазір бүкіл әлем Қытайдың инвестициясына таласып отыр. Олар біздің жолымызды салып жатыр. Бұл – ел экономикасына үлкен мүмкіндік. Ең бастысы, жергілікті тұрғындарды сол жобаларға көбірек тартуымыз керек. Бұған дейін «Омбы-Майқапшағай» күре жолының «Қалбатау-Майқапшағай» аралығын салған кезде 200-ге жуық жергілікті азамат жұмыс істеген. Біздің халықтың игілігіне пайдалануға берілген соң, жұмысшылар еліне қайтты. Сол тәжірибе жалғасады. Қарапайым халықты Қытайға қарсы қоюға болмайды. Қытай халқы әлемнің барлық елінде жұмыс істеп жүр», – деді ол.

Әкімнің айтуынша, 300 шақырымдық теміржол облыстың, Аягөздің жаңа тынысын ашады.

«Алдағы 2 жыл ішінде теміржол салынады, оның бойына басқа да адамдар келеді. Оның бәрі – ақша, біздің облысымыздың экономикасына құйылған қаржы. Үлкен инвестиция. Оларды біз қайта тартуымыз қажет. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қытай елінің Төрағасы Си Цзиньпинге рахмет, екі елдің арасындағы барыс-келісті арттыру үшін визасыз режим жасады. Сіздер де Қытайға барып сауда жасаңыздар. Қытайдың туристері осында келіп жатыр. Үйіңіздің қасынан соларға қызмет көрсететін орын ашыңыз. Қой бағыңыз, өнімін өткізіңіз. Биыл Алакөлге қаншама Қытай туристері келді. Олар осында қалып қойып жатқан жоқ қой. Келіп, жұмыс істеп, қайтадан елдеріне кетіп жатыр», – деді облыс басшысы.

Берік Уәли «Аягөз–Бақты» темір жолы аяқталғаннан кейін, облыстың, Аягөз ауданының екінші, үшінші тынысы ашылатынын жеткізді.

Еліміздегі жылыжайлардың 71 пайызы Түркістан облысының еншісінде

Жалпы еліміздегі жылыжайлар көлемінің 71 пайызы Түркістан облысына тиесілі...

Түлкібас ауданында ет бағытында ірі құс фабрикасының салынбақ

Түлкібас ауданында «Қарқын Трейд» компаниясымен ет бағытында ірі құс...

Отырар ауданында 32 мың гектар алқапқа жаңа әдіспен мақта егілді

Қазіргі таңда еліміздің оңтүстік өңірі өндіріс орындарын ашып, тұрғындарды...

Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт  болатын жел электр станциясы бой көтермек

Бұл туралы бүгін Астанада Түркістан облысының әлеуметтік экономикалық дамуы...